Жаңалықтар
Қауіпті химиялық заттарды және ескірген пестицидтерді қолданудың қауіпсіздік ережелері – Қазақстанда ЕҚЫҰ өткізетін семинардың тақырыбы
ҚЫЗЫЛОРДА, Қазақстан 27 сәуір 2016
ҚЫЗЫЛОРДА, Қазақстан, 27 сәуір 2016 ж. – Бүгін Қызылордада 50-ге жуық жергілікті билік органдары, жеке сектор, ғылыми қауымдастық және қоғамдық экологиялық ұйымдардың қызметкерлеріне арналған ЕҚЫҰ қолдауымен ұйымдастырылған екі ақпараттық-оқыту семинарлары алғашқысының күн тәртібінде қауіпті химиялық заттарды және ескірген пестицидтерді қолдану кезіндегі тиісті нұсқаулық мәселесі болды.
Семинарды Астанадағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисі «Қызылорда Орхусс орталығы» қоғамдық қорымен ынтымақтастықта ескірген пестицидтердің және қауіпті химиялық заттардың халықтың денсаулығы мен қоршаған ортаға әсері мәселелерімен танысу мақсатында ұйымдастырды. Сонымен қатар, осы саладағы халықаралық стандарттар мен мемлекеттік реттеуге шолу жүргізіледі.
Қатысушылар адамның денсаулығына және қоршаған ортаға күтпеген салдарларды, сондай-ақ осы материалдарды қайта пайдалануды болдырмау мақсатында зиянды химиялық заттарды қауіпсіз қолдану және пайдаға асырудың түрлі шаралары туралы танысады. Іс-шараның қорытындысы бойынша өзінің мекендеген өңірлерінде іспеттес ақпараттық-түсіндіру шараларын өткізуде экологиялық үкіметтік емес ұйымдарға көмек көрсету бойынша жалпы әдістеме әзірленетін болады.
«Мемлекеттік органдар фермерлермен және басқа мүдделі тұлғалармен Қызылорда облысында ескірген пестицидтер және қауіпті химиялық заттармен ластанған жерлерді анықтау жұмыстарын жүргізуге ниетті. Оның нәтижесінде біз оларды одан әрі зарарсыздандыру және пайдаға асыру үшін бірқатар іс-шаралар жасаймыз. Бұл біздің облысымыздағы экологиялық жағдайды және халықтың денсаулығын жақсартуға өз үлесін қосады деп сенеміз», - деді Қызылорда облысының Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалану басқармасы Басшысының орынбасары Жұлдызай Айтжанова.
«Пестицидтерді қолдану тұрақты егін алуға мүмкіндік береді, алайда оларды немқұрайлы қолдану және сақтау халықтың денсаулығы мен қоршаған орта үшін ауыр салдарларға апарып соғуы мүмкін», -деді Астанадағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисінің Экономика және экология бөлімінің меңгерушісі Рати Джапаридзе. «Жұртшылықтың қауіпті химиялық заттардың теріс әсері туралы хабардарлығын нығайту экологиялық қауіпсіздікті күшейтуге және халықтың денсаулығы мен өміріне қолайлы жағдай қамтамасыз етуге мүмкіндік береді».
Аталған тақырып бойынша екінші оқыту семинары 29 сәуірде Арал қаласында өтеді.
Іс-шара Қазақстанда Орхусс конвенциясының халықаралық стандарттарын енгізуді дамытуға бағытталған ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисінің ұзақ мерзімді қызметінің құрамдас бөлігі болып табылады.