ЕҚЫҰ Қазақстанда адам саудасына байланысты істерге тергеу жүргізу бойынша құқық қорғау органдары қызметкерлеріне арналған семинарды қолдауда
Адам саудасына қарсы күрес және оған қатысты тергеу жүргізудің әдістемесі бойынша Қазақстанның 14 облысынан қатысушы 30 астам құқық қорғау органдары қызметкерлеріне арналған бес мәртелі екікүндік оқыту семинарлары қатарының алғашқысы 2016 ж. 29 сәуірде Қарағанды қаласында басталды.
Семинарды Астанадағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисі Қазақстанның Ішкі істер министрлігімен және Астанадағы АҚШ Елшілігімен бірлесіп ұйымдастырды.
Италия мен Украина халықаралық сарапшылары адам саудасының барлық нысандарымен күресу және оның құрбандарын қорғау саласында заңнамалық және алдыңғы қатарлы іс-тәжірибесін ұсынды. Адам саудасы құрбандары мәселесімен айналысатын Бас прокуратура, Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі мен үкіметтік емес ұйымдар өкілдері Қазақстан мен оның заңнамасы үшін өзекті мәселелерді талқылады. Сауда оқиғасын тану, күдікті істер бойынша ақпаратты өңдеу, ықтимал құрбандарға қатысты үйлестіру үдерісі, сондай-ақ құрбандарды тиісті анықтаудың нақты көрсеткіштерін қолдануға ерекше назар аударылды.
Келесі семинарлар Көкшетау, Қостанай, Шымкент, Талдықорған қалаларында 200 жуық қылмыстық полиция қызметкерлері үшін алдағы төрт ай барысында ұйымдастырылады.
Іс-шара Бағдарламалар офисінің ратификацияланған халықаралық шарттарға сай қабылдаушы елдің міндеттемелеріне сәйкес адам саудасымен күресте мемлекеттік мекемелер мен азаматтық қоғамның хабардарлығы мен әлеуетін арттыру бойынша ұзақ мерзімді қызметінің құрамдас бөлігі болып табылады.