ЕҚЫҰ ақпаратқа қолжетімділік пен қоғамдық кеңестер бойынша Қазақстанда семинарлар қатарын бастауда
ШЫМКЕНТ, Қазақстан, 2016 ж. 28 сәуір – Бүгін Шымкентте, Оңтүстік Қазақстан облысы, «Ақпаратқа қолжетімділік туралы» және «Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан заңдарын іске асыру бойынша 30 жуық мемлекеттік қызметкерлер мен журналистерге арналған ЕҚЫҰ қолдауымен екі күндік семинарлардың он мәртелі қатарының алғашқысы басталды.
Іс-шара Астанадағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисінің ҚР Парламентінің Мәжілісі (төменгі палата), Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі, Құқықтық саясатты зерттеу орталығы және БҰҰ Даму бағдарламасымен ынтымақтастықта ұйымдастырылды.
Отандық сарапшылардың аталған заңды іске асыру туралы баяндамасынан кейін қоғамдық кеңестер төрағалары, Мәслихат, Әкімдік, Мәдениет және спорт, Инвестициялар және даму министрліктерінің өкілдері мемлекеттік басқару ашықтығының халықаралық стандарттары мен қағидаттары, бюджет ашықтығы және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес реформаларын талқылайды. Оған қоса олар қоғам алдында үкіметтің есептілігін арттыруға бағытталған шаралар, ақпарат иелері мен пайдаланушылардың құқықтары мен мiндеттерi, сондай-ақ мемлекеттік мекемелер қызметі жөніндегі ақпаратты көпшілікке жариялау әдістерін қарастырады.
«Қоғамдық кеңестер туралы» және «Ақпаратқа қолжетімділік туралы» заңдарды іске асыру мемлекеттік органдар ашықтығына септігін тигізумен қатар, олардың қызметі мен шешімдері жөнінде қоғамның хабардарлығын арттырады», - деп атап өтті Мирко Гюнтер, Астанадағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисі Басшысының орынбасары. «Дегенмен, заң мақсаттарын кепілдендіру жолында тиісті іске асыру аталмыш жаңа заң қамтитын мемлекеттік қызметкерлер, жергілікті билік пен азаматтық қоғам мүшелерін қоса алғанда барлық тараптардың ат салысуын талап етеді».
Құдайберген Ержан, Мәжіліс депутаты: «Жергілікті кеңестер мемлекет пен қоғам өзара қатынасын, сонымен қатар мемлекеттік істерді шешуде, мемлекеттік саясат пен бюджетті қалыптастыруда қоғамның рөлін нығайтуда маңызды рөл атқаруы тиіс. Екі заңның ұтымды іске асуы елдің үдемелі дамуы, экономикалық реформалардың қалыптасуы мен азаматтық қоғамды нығайтуға ықпал етеді», - деп атап өтті.
Семинарлар қатары Парламент депутаттары, мемлекеттік қызметкерлер, үкіметтік емес ұйымдар мен БАҚ өкілдеріне арналған бүкіл ел бойынша өтетін шаралар ретінде жалғасады, әрі тиімді басқаруды дамыту мен негізгі бостандықтарды қолдау бойынша Офистің ұзақ мерзімді қызметі шеңберінде өткізілуде.