ЕҚЫҰ Қазақстанда адам құқықтарын қорғау жөніндегі семинарға қолдау көрсетуде
ТАЛДЫҚОРҒАН, Қазақстан, 6 сәуір 2016 жыл - Адам құқықтарын қорғау тетіктеріне байланысты мемлекеттік органдар, азаматтық қоғам мен сот жүйесінің 130 жуық өкілдеріне арналған екі күндік оқыту семинары бүгін ЕҚЫҰ қолдауымен Талдықорғанда басталды.
Талдықорған, Текелі қалалары мен Алматы облысы әкімдіктерінің өкілдері, сондай-ақ судьялар, прокурорлар, құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен азаматтық қоғам мүшелері адам құқықтарын қорғаудың ұлттық және халықаралық тетіктері туралы және осындай тетіктерді жергілікті деңгейде неғұрлым тиімді пайдалануға үйренеді.
Қатысушылар жеке құқықтар мен негізгі бостандықтарды қорғаудағы сот жүйесінің рөлін, сондай-ақ Қазақстанның қылмыстық, әкімшілік және қылмыстық-атқару заңнамаларындағы жаңалықтарды талқылаудан өткізеді. Олар сонымен қатар адам құқықтарын қорғау мекемелері желісіндегі әрқилы институттардың функцияларын және Біріккен Ұлттар Ұйымы тиісті комитеттерінің жеке шағымдарды қараудағы рөлін қарастырады. Еңбек және әлеуметтік дауларды алдын алу мен әлеуметтік ынтымақтастық мәселелеріне ерекше назар аударылатын болады.
«Адамдардың құқықтары, бостандықтары мен оларды қорғау тетіктері туралы хабардар болуын жалпыұлттық тең дәрежеде қамтамасыз ету үшін осындай семинарларды астанадан тыс және ел бойынша өткізу маңызды болып табылады», - деді Тастемір Әбішев, Адам құқықтары жөніндегі комиссияның хатшысы.
«Адам құқықтары деп кітаптарда жазылған жай ғана әдемі ұғымды емес, бірақ толыққанды өмір сүру үшін қажетті құқықтарды айтады. Құқықтарымыздың қорғалуына кепілдік бере алмай, біз толықтай өмір сүріп, адами қасиеттерімізді, ақыл-ой, қабілеттерімізді іске асыра алмаймыз және күнделікті қажеттіліктерді қанағаттандыра алмаймыз», - деді ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисінің басшысы Дьердь Сабо. Ол барлық деңгейде іс жүзінде адам құқықтарын құрметтеуді қамтамасыз ету үшін мемлекеттік органдардың жауапты болып табылатынын және оның дұрыс орындалуының өте маңызды екенін атап өтті.
Іс-шара Астанадағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисінің қолдауымен Президент жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссиясы жоспарлаған бес оқыту семинарлар топтамасының ішіндегі біріншісі болып табылады. Ол өткен жылы Оңтүстік Қазақстан және Жамбыл облыстарында осыған ұқсас өткізілген іс-шаралардың жалғасы және елдегі негізгі құқықтар мен бостандықтарды дамыту жолында адам құқықтарын қорғау ұлттық институттарына қолдау көрсетудегі Офистің ұзақ мерзімді жұмысының құрамдас бөлігі табылады.