ЕҚЫҰ ақша аударымдарының көмегімен лаңкестікті қаржыландыруды анықтау жөнінде оқыту семинарын қолдайды
АСТАНА, 29 наурыз 2016 ж. – Бүгін Астанада ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисі мен Қаржы министрлігінің Қаржы мониторинг комитеті (ҚМК) ұйымдастыруымен ақша аударымдарының көмегімен лаңкестікті қаржыландыруды анықтау жөніндегі екі күндік оқыту семинары басталды.
Мемлекеттік органдар (ҚМК, Ұлттық банк, Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Мемлекеттік кіріс комитеті, Бас прокуратура), екінші деңгейдегі банктер және ақша аударымдар операторларының шамамен 40 өкілі ЕҚЫҰ қолдауымен Вестерн Юнион және MoneyGram сарапшылары өткізетін заңсыз трансакциялармен күрес саласында озық тәжірибені жылжыту жөнінде тренингке қатысуда. Сондай-ақ, талқылаулар ақша аударымдарының ресми және бейресми жүйелері мен оларды лаңкестікті қаржыландыру, есірткі және адам саудасы мақсатында пайдалану мәселелеріне баса назар аударады.
«Соңғы жылдардағы оқиғалар лаңкестік құрылымдарды қаржыландыру көздерін оқшаулау осы топтардан болатын қауіптерді анықтауда және оларға қарсы әрекет етуде маңызды рөл атқаратынын көрсетті»,- деді Елші Дьердь Сабо, Астанадағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисінің Басшысы. «Сондықтан біздің міндетіміз – көп кұш салуды, кең білімді және белсенді, ең бастысы – Қазақстанда сияқты, сондай-ақ халықаралық аренада тиімді әрекеттесуді қажет ететін қаржы секторында қаржыны теріс пайдалану мүмкіндігін алдын алу».
ҚСК Төрағасының орынбасары София Айсағалиева: "Комитетте бар мәліметтерді талдау, қазіргі таңда лаңкестік іс-әрекеттерге қатысты жеке адамдар пластикалық карталар мен екінші деңгейдегі банктер арқылы ақшалай аударымдарды қолданбай, ақша аударымдары жүйесін жиі пайдаланатынын көрсетті. Сол себептен біз бүгінгі семинар лаңкестікті қаржыландырумен күрес аясында жиналған тәжірибемен алмасу үшін бірегей алаң болатынына үміттенеміз",- деп атап өтті.
Іс-шара осы жылы ЕҚЫҰ Офисі ұйымдастыратын ақшаны жылыстату және лаңкестікті қаржыландырумен күрес жөніндегі төрт оқу курсы сериясының алғашқысы болып табылады.
Аталған іс-шара Офистің қабылдаушы елде тиісті басқару, ақшаны жылыстату мен лаңкестікті қаржыландырумен күрес қағидаттарын насихаттау бағытындағы ұзақ мерзімді жұмысы шеңберінде өткізілді.