ЕҚЫҰ Қазақстанда сот тілшілерін оқытуда
АСТАНА, 25 наурыз 2016 ж. – Бүгін Астанада сот тілшілеріне арналған екі күндік оқыту семинарлары үш мәртелі қатарының алғашқысы басталды.
Іс-шара ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисінің Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты, Сот тілшілері гильдиясы және Фридрих Эберт қорымен бірлестікте ұйымдастырылды.
Семинарлар науқанының мақсаты кәсіби сот тілшілері корпусын құру арқылы Қазақстандағы құқықтық мәселелерді жариялайтын журналистиканы дамыту болып табылады. Елдің барлық өңірлерінен қатысушы 20 шақты журналистер өздерінің сот репортажы дағдыларын жетілдіріп, құқықтық терминдерді дұрыс қолдануды үйреніп, сот мәжiлiсi барысында ақпаратқа қолжетімділік құқығын бекітіп, сондай-ақ сот билігі өкілдерімен қарым-қатынасты жақсартады. Сот үдерісі жариялылығы, сот талқылауы барысында ақпаратқа қолжетімділік құқығын қорғау, азаматтық және қылмыстық сот iсiн жүргiзу, сондай-ақ жекелеген сот істері бойынша ақпаратты жария ету секілді өзекті модульдерді қамтитын курс оқытушылары ретінде Жоғарғы Сот судьялары, тәжірибелі адвокаттар мен журналистер болады.
«Сот тілшілері корпусын құру сот мәселелері мен түрлі мекемелердің сот істері бойынша білікті, әрі объективті ақпарат алуда қоғам қажеттіліктерін қанағаттандыруға септігін тигізіп, сонымен қатар сот төрелігінің ашықтығы мен айқындылығына ат салысады», - деді Елші Дьердь Сабо, Астанадағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисінің Басшысы.
Ербол Рахымбеков, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының БАҚ-пен жұмыс жөніндегі судья-үйлестірушісі атап өткендей: «Қазақстан Республикасының заңнамасы азаматтық, қылмыстық және әкімшілік сот ісін жүргізуді жариялауда жариялылық, айқындық және ашықтық қағидатына кепілдік береді. Аталған семинар журналистерге сот төрелігіне қолжетімділік мәселелерін реттейтін нормативтік-құқықтық негіздері және сот істерін жариялауда өзінің кәсіби құқықтарын қорғау жөнінде білімдерін жетілдіруге мүмкіндік береді. Жалпы алғанда бұл шара судьялар мен журналистер арасындағы өзара түсіністікті жақсартуға жәрдемдеседі».
Аталған семинар Офистің Қазақстандағы сот реформасын ілгерілету және сот органдары мен БАҚ арасындағы өзара ықпалдастықты жетілдіру бойынша ұзақ мерзімді қызметінің шеңберінде өтуде.