ЕҚЫҰ киберқылмысқа қарсы іс-қимыл бойынша Қазақстан құқық қорғау органдары қызметкерлерін оқытуды қолдайды
АЛМАТЫ, Қазақстан, 14 наурыз 2016 ж. – Бүгін Алматыда ЕҚЫҰ қолдауымен құқық қорғау органдары қызметкерлеріне арналған кибершабуылдың түрлі механизмдері мен олардың аталған қылмыстар бойынша дәлелдемелер нысандарын түсінуін жетілдіруді көздейтін бес күндік оқу семинары басталды.
Ішкі істер және әділет министрліктері, Бас Прокуратура, Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті, Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі, сондай-ақ Алматы қ. ҚР ІІМ Академиясының 20 жуық қызметкерлері американдық сарапшылар жетекшілігімен өтетін оқу курсына қатысуда.
Оқу курсы Астанадағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисі мен Қазақстандағы АҚШ Елшілігі ұйымдастыруымен 2015 жылдың маусымында өткен компьютер мен электрондық қылмыстарды тергеу бойынша негізгі курс және 2015 жылдың қазан айында орын алған компьютерлер мен компьютерлік желілерге заңсыз ену жөніндегі курсты бұрын оқып өткен қатысушылар үшін әзірленді. Курс аяқталғаннан кейін құқық қорғау органдарының қызметкерлері түрлі желілік дәлелдемелерді жинақтау мен сараптау әдістемесі бойынша дайындықтан өтетін болады.
«Киберқылмыскерлерге тиімді қарсы күрес жолында осал топтарды қорғау үшін үнемі бақылауды қамтамасыз ете отырып, сіздер олар іспеттес ақылды, әрі тәжірибелі болуларыңыз қажет», - деді Астанадағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисінің Саяси мәселелер жөніндегі кеңесшісі Колин Маккалоу. «Басқа елдердің озық тәжірибесімен танысу сіздерге жекелей сипатта, сондай-ақ сіздің тиісті министрліктеріңізге аталған істі жүзеге асыруға септігін тигізеді. Алайда осы оқу іс-шараның тамамдалуын сіздердің киберқылмысқа қарсы күрес құралдарын түсіну бойынша білім алудың аяқталуы ретінде қарастырмау керек, себебі бұл тек бастамасы ғана».
АҚШ Ұлттық қауіпсіздік министрлігінің өкілі Скотт Сало келесідей атап өтті: «Біз негізгі және озық деңгейіне дейін барлық оқу курстарына қатысқан дәл сол сарапшылар тобын қайта көруге қуаныштымыз». Сало аталған ынтымақтастық жалғасатынына сенім білдірді.
Алматы қ. Бас Прокуратура өкілі Қанат Кунгужинов: «Киберқылмыскерлер өздерінің жұмыс әдістерін үнемі жаңартуда, әрі киберқылмыс қатерлері де өсуде. Осыған орай аталған семинарлар ауадай қажет және одан да ауқымды аудиторияға арналған тереңірек оқыту бойынша болашақ іс-шараларға мұқтаж», - деді.
Іс-шараны Астанадағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисі ҚР Ішкі істер министрлігі және Қазақстандағы АҚШ Елшілігімен бірлесіп ұйымдастырған.
Оқу курсы ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисінің трансұлттық қатерлер, ақшаны жылыстату, лаңкестікті қаржыландыруға қарсы күрес және қылмыстық мақсатпен Интернетті теріс пайдалануды алдын алу бойынша іс-әрекетінің құрамдас бөлігі болып табылады.