ЕҚЫҰ Қазақстан шекарашыларының анықтау және профильдеу дағдыларын арттыруда
АСТАНА, Қазақстан, 9 наурыз 2016 ж. – Бүгін Астанада ЕҚЫҰ қолдауымен Қазақстан Шекара қызметінің және Көші-қон полициясы қызметкерлеріне арналған анықтау және профильдеу әдістері бойынша ұлттық семинар басталды.
Үш күндік іс-шара Астанадағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисінің ЕО қаржыландыратын Орталық Азияда шекараны басқару бағдарламасымен (БОМКА) бірлесе ұйымдастырылып отыр. Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің 20 жуық офицерлері анықтау және профильдеудің ағымдағы үрдістеріне ерекше назар аудара отырып, анықтау және профильдеу әдістемесінің озық халықаралық тәжірибесімен танысады. Қатысушылар теориялық және тәжірибелік элементтерді қамтитын қарқынды оқыту бағдарламасынан өтетін болады.
Іс-шара барысында Грузия және Латвия халықаралық сарапшылары құжат тексеру шеңбері, психологиялық профильдеу, тәуекелділік профильдерін анықтау және көлік, мүлік нысаны мен сапар мақсаты арасындағы үйлесімділікті анықтауды қоса алғанда профильдеу саласындағы халықаралық тәжірибеге шолу ұсынады.
Астанадағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисі Басшысының орынбасары Мирко Гюнтер өзінің сәлемдеме сөзінде келесідей атап өтті: «Шекара басқару саласындағы заманауи технологияларды пайдалану кез келген елдің мүмкіндіктерін кеңейтуде өзекті маңызға ие, алайда аталған әдістеменің қолдану қажеттілігі ең ұтымды тұрғыдан анықтауды қамтамасыз ететін шекара қызметінің дәл дағдыланған қабілеті мен тәжірибесімен толықтырылуы тиіс. Шекарадан өтетін әрбір көлікті сканерлеу ұтымсыз, және бұрыс ниетті анықтау мен, сәйкесінше, ел шекараларын тиімді қорғау мақсатымен жағдайды сараптау және өз жұмысында аталған әдістемені қолдану орындылығы шекара қызметкерлерінің қарауына байланысты».
«Көші-қон және шекараларды басқару Латвия айтарлықтай тәжірибе жинақтаған салалардың бірі және бұл, өз кезегінде, елімізге осы саладағы мамандандырылуын ұсынуға мүмкіндік береді», - деп, Қазақстандағы Латвия Елшісі Юрис Погребнякс атап өтті. «Осыған орай, Орталық Азиядағы Латвияның сыртқы саяси басымдықтары қауіпсіздік пен тұрақтылықты нығайту, көлік пен транзит саласын дамыту, білім беру мен қоршаған ортаны қорғаумен байланысты.
Аталған семинар ашық, қауіпсіз шекараларды дамыту және адамдар мен тауарлардың еркін әрі қауіпсіз трансшекаралық қозғалысын қамтамасыз ету, сондай-ақ жол жүру құжаттар қауіпсіздігін жетілдіру, лаңкестік, трансұлттық ұйымдасқан қылмыс, заңсыз көші-қон және есірткі, қару-жарақ пен адам саудасымен қарсы күрес мақсатындағы қабылдаушы елдің шекара қауіпсіздігі мен басқаруды нығайтуға бағытталған 2016 жылға арналған ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисі шаралар қатарындағы алғашқысы болып табылады.