ЕҚЫҰ оңтүстік Қазақстандағы су сапасы жөніндегі семинарды қолдайды
ҚЫЗЫЛОРДА, Қазақстан, 25 ақпан 2016 жыл – Бүгін Қызылорда қаласында су сапасына жету жөніндегі семинар өз жұмысын бастады, оған өңірлік билік органдарының, азаматтық қоғамның, ғылыми топтардың шамамен 40 өкілі және Арал-Сырдария су бассейіні кеңесінің мүшелері жиналды.
Іс-шараны Астанадағы ЕҚЫҰ бағдарламалар офисі Қызылорда облысының әкімшілігімен және Халықаралық Аралды құтқару қорының (ХАҚҚ) Атқарушы дирекциясымен серіктестікте ұйымдастырды. Қатысушылар судың ластануымен күрес саласындағы өз тәжірибесімен бөлісті, ирригациялық қажеттіліктерге арналған су сапасының стандарттарын қарастырып, сондай-ақ барлық мүдделі тараптар арасында ынтымақтастықты реттеу саласындағы сын-қатерлерді талқылады.
«ЕҚЫҰ қауіпсіздікке жету мақсатында процеске барлық мүдделі тараптарды қосумен су ресурстарын жауапты басқару мәселелеріне басымдық береді», - деді өзінің сөйлеген сөзінде Астанадағы ЕҚЫҰ бағдарламалар офисі басшысының міндетін атқарушы Мирко Гюнтер. «Біздің ұзақ мерзімді әріптестігіміз бен ХАҚҚ-пен, Арал-Сырдария су бассейіні кеңесімен және Қызылордадағы жергілікті билік өкілдерімен бірлескен іс-шаралар ортақ мақсатқа жетуімізге маңызды үлес болып табылады».
«Су ресурстарының тапшылығы елдің әлеуметтік және экономикалық әлеуетінің дамуына, оның қауіпсіздігі мен тәуелсіздігіне, әлсіз экожүйенің биологиялық әртүрлілікті бірқалыпты ұстап тұруға тікелей қауіп төндіреді»,- деді Қызылорда облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Еркебұлан Бекжанов.
«Арал теңізі бассейінінің азаюы 20-шы және 21-ші ғасырдың аса маңызды экологиялық трагедияларының бірі болып табылады, Қазақстан онда теріс салдарларды жою үшін орасан зор күш салуда. Бұл тұрғыдан судың сапасын сақтап қалу өңірдегі ахуалды тұрақтандыру және экологиялық баланстың қалпына келуін қамтамасыз ету үшін басымдылық болып табылады»,- деп атап өтті Қазақстандағы ХАҚҚ атқарушы дирекция басшысының орынбасары Әмірхан Кеншімов.
Қатысушылар парламент, энергетика министрлігі, ауыл шаруашылық министрлігі және азаматтық қоғамнан мүдделі тараптар үшін әзірлеген, одан арғы су сапасы саласындағы әрекеттерді жасау үшін ұсынған ұсынымдар пікірталастардың нәтижесі болды.
Іс-шара су ресурстарын басқару саласындағы мемлекеттік органдардың хабардарлығын көтеру және әлеуетін күшейту жөніндегі ЕҚЫҰ бағдарламалар офисінің ұзақ мерзімді күш салуының бөлігі болып табылады. Бұл су ресурстарын тұрақты басқаруды жылжыту мақсатымен бұрын іске асырылған іс-шаралардың жалғасы болып табылады, олардың ішінде Арал-Сырдария су бассейінін басқару үшін 2012 жылы Қызылорда тренинг орталығының құрылуы.