Қазақстан мен Тәжікстанның әскери қызметкерлері ЕҚЫҰ қолдауымен өткізіліп жатқан БҰҰ бітімгершілік миссияларына кетер алдында жеке құрамды қосымша дайындау бойынша аймақтық курсқа қатысуда
Бүгін Алматы қаласында ЕҚЫҰ қолдауымен ұйымдастырылған БҰҰ бітімгершілік миссияларына кетер алдында жеке құрамды қосымша дайындау бойынша аймақтық курсы басталды.
Бес күндік іс-шараға Қазақстан мен Тәжікстаннан 20-ға жуық әскери қызметкерлер қатысуда. Курс Құрлық әскерлері әскери институтының «Бейбітшілік үшін әріптестік» оқу орталығында (КАЗЦЕНТ) Астанадағы ЕҚЫҰ бағдарламалар офисі мен Тәжікістандағы ЕҚЫҰ бюросының қолдауымен өткізіліп отыр.
Курс бүкіл бітімгершілік – әскери, полициялық немесе азаматтық - персоналға БҰҰ бітімгершілік миссияларында тиімді түрде қызмет етуге қажетті тиісті білім ұсынады. Қатысушылар бейбітшілікті қамтамасыз ету негіздері, бітімгерлер қатарына қосылу ережелері, сәйкес халықаралық құқық, адам құқықтарын, соның ішінде әйелдер мен балалар құқықтарын қорғау және өңірдегі қауіпсіздіктің негізгі қағидаттары туралы біледі. Сарапшылар бітімгершілік операциялары кезінде халықаралық стандарттарға сәйкес озық практикалар мен ағымдағы рәсімдермен бөліседі.
2009 жылдан бастап, Офис Орталық Азия мемлекеттері мен Ауғанстан арасында жарылғыш қаупі бар заттарды, соның ішінде бітімгершілік операциялары барысында қысқарту мәселесі бойынша техникалық деңгейде кооперативті механизмдердің дамуына ықпалдастық етеді.