Астанадағы ЕҚЫҰ бағдарламалар офисі Адам құқықтарының халықаралық күніне арналған дөңгелек үстелдің ұйымдастырылуына қатысуда
2015 жылы 10 желтоқсанда Астанада адам құқықтары қоғамның және мемлекеттің үйлесімді дамуының негізі ретінде тақырыбындағы Адам құқықтарының халықаралық күнін атап өтуге арналған дөңгелек үстелге ЕҚЫҰ бағдарламалар офисі қатысып, қолдау көрсетті.
Іс-шараға шамамен 140 қатысушы, соның ішінде Қазақстан Республикасы Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова, Сыртқы және Ішкі істер, Әділет және Білім министрлерінің орынбасарлары, Парламент депутаттары, Президент жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссия басшысы мен мүшесі, Омбудсмен, Жоғарғы Сот судьялары, азаматтық қоғам, БАҚ және ғылыми қауымдастық өкілдері қатысты.
Қатысушылар конституциялық құқықтар мен бостандықтарды қорғау маңыздылығын, Қазақстанда адам құқықтарын қорғаудың халықаралық және ұлттық тетіктерін және осы саладағы мемлекеттік және азаматтық қоғам институттарының рөлін талқылады.
Қатысушылар, сондай-ақ «100 нақты қадам» Ұлт жоспарына сәйкес, адам құқықтары саласындағы елдің міндеттемелерін жүзеге асырудағы өз ойлары мен жоспарларымен бөлісті.
Жыл сайынғы іс-шараны Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясының 67 жылдығының құрметіне Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссия Сыртқы істер және Әділет министрліктерімен, ЕҚЫҰ-ның Астанадағы бағдарламалар офисімен, БҰҰ агенттіктерімен, Еуропалық Одақ делегациясы және Халықаралық көші-қон ұйымымен бірлесе отырып ұйымдастырды.