ЕҚЫҰ Қазақстанда сотталғандарды қайта әлеуметтендіру бойынша форумды ұйымдастыруда
АСТАНА, 11 желтоқсан 2015 ж. - ЕҚЫҰ қолдауымен өткен сотталғандарды қайта әлеуметтендіру мәселелеріне арналған түрме реформасының үшінші форумы бүгін Астанада 200-ден астам қатысушыларды, соның ішінде жоғары лауазымды мемлекеттік органдар өкілдерін, Парламент депуттарын, сот, халықаралық ұйымдар, азаматтық қоғам және ғылыми қауымдастық өкілдерін жинады.
Іс-шара барысында қатысушылар әлеуметтік оңалту және бұрынғы сотталғандарға әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттарының кешенді стратегиясын әзірлеуді талдаудан өткізді. Іс-шараны Бас прокуратура, Ішкі істер министрлігі, Жоғарғы сот және Парламент Мәжілісімен бірлесіп, Астанадағы ЕҚЫҰ бағдарламалар офисі ұйымдастырды.
Сотталғандарды қайта әлеуметтендірудегі ағымдағы үрдістер мен қиындықтар, сонымен қатар әлеуметтік қызметтер көрсету міндеті жүктелген мекемелердің құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейтуге қатысты заңнамаға өзгерістер енгізу мәселелері талқыланды. Ұлттық және халықаралық құқық сарапшылары Қазақстан мен басқа да елдердің қайта әлеуметтендіруге қатысты тиісті тәжірибесі туралы баяндады.
«Мен қылмыстық сот төрелігі және түрме реформасы саласындағы Қазақстанның ілгері басуын атап өтуге қуаныштымын. Ұлттық құқықтық саясат тұжырымдамасы, Пенитенциарлық жүйені дамыту бағдарламасы және «100 нақты қадам» Ұлт жоспары осы саладағы даму басымдықтарын анықтады», - деді Наталия Зарудна, Астанадағы ЕҚЫҰ. Бағдарламалар офисінің басшысы. «Халықаралық стандарттарға сай көзделгендей, соттар бас бостандығынан айыруға балама жаза белгілеу фактілері де қуантпай қоймайды».
«Жыл сайынғы түрме реформасының форумы тиімді диалог алаңына айналып, мұнда пенитенциарлық саланың неғұрлым өткір проблемалары талқыланып қана қоймай, өз шешімін де тауып жатады», - деді Қазақстан Республикасының Бас прокуроры Асхат Дауылбаев. ««Парламент депутаттары колдаған Ішкі істер министрлігі және Жоғарғы Сотпен жүргізген үйлесімді жұмыстың арқасында соңғы үш жыл ішінде сотталғандардың саны 25 пайызға кеміді. Мұндай нәтижеге біз рақымшылық қолдану арқылы емес, жүйелі және жан-жақты ойластырылған қайта құрулардың арқасында қол жеткіздік».
Форум Грузия мен Эстония сарапшыларының қатысуымен Ішкі істер министрлігінің аумақтық департаменттерінің пробация қызметкерлері үшін оқыту семинарымен жалғастырылды.
Форум сотталғандарға және бұрынғы құқық бұзғандарға әділ қарауға байланысты заңнама мен саяссатты дамыту үдерісіне, әлеуметтік оңалтудың тиімді жүйесін және пробация тетіктерін нығайтуға қатысудағы Офис үздіксіз қызметінің бөлігі болып табылады.
Бұл форум офис тарапынан қатарынан үшінші жыл қолдауға ие болып отыр. Бұған дейінгі іс-шаралар пробация жүйесін дамыту. электронды білезіктер арқылы бақылау және және түрмелердегі жұмыспен қамту мәселелеріне арналды.