ЕҚЫҰ Қазақстандағы гидротехникалық құрылыстардың қауіпсіздігі жөніндегі талқылауды қолдауда
АСТАНА, 9 желтоқсан 2015 – Бүгін Астанада ЕҚЫҰ қолдауымен өткен дөңгелек үстелде гидротехникалық құрылыстардың қауіпсіздігі саласында жаңа ұлттық заңнама әзірлеу мәселесіне назар аударылды.
Іс-шараны Астанадағы ЕҚЫҰ бағдарламалар офисі Ауыл шаруашылығы министрлігімен және Қазақстандағы Халықаралық Аралды құтқару қорының (АҚХҚ) Атқарушы директоратымен әріптестікте ұйымдастырды. 60-қа жуық Ауыл шаруашылығы, энергетика, әділет, ұлттық экономиканың министрліктерінің, Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің, Казводхоз мемлекеттік компаниясының мемлекеттік қызметшілер және халықаралық және ұлттық ұйымдардың өкілдері су ресурстарын тиімді басқару арқылы қауіпсіздікті қамтамасыз етудің негізгі мәселелерін талқылады.
Ұлттық және Ресей мен Өзбекстанның халықаралық сарапшылары трансшекаралық ынтымақтастықтың мүмкіндіктерін талқылады және гидротехникалық құрылыстарда қауіпсіздік шараларын қамтамасыз ету маңыздылығын атап өтті. Сонымен қатар, олар жақында әзірленген заңнама жобасы тұрғысынан инвестициялық мүмкіндіктерді қарастырды.
«Гидротехникалық құрылыстардың қауіпсіздігіне табиғи және антропогенді апаттардың қауіп-қатерін төмендетудің басты факторы ретінде қарау керек», - деп Астанадағы ЕҚЫҰ бағдарламалар офисінің басшысы Наталия Зарудна атап өтті. «Бізге табиғи апаттарға қарсы тұру, аймақтық деңгейде диалогты күшейту, сондай-ақ қолданыстағы ең жақсы практикаларды есепке алу және тиісті халықаралық тетіктерді пайдалану мақсатында әрекеттесудің құрылымдалған үйлестіруін қамтамасыз ету қажет».
Ауыл шаруашылығы вице-министрі Ерлан Нысанбаев: «Гидротехникалық құрылыстар қауіпсіздігі мәселесі ұлттық қауіпсіздік мүдделеріне тікелей қатысты. Біздің міндетіміз су шаруашылығы жүйелерінің қауіпсіздігін, соның ішінде трансшекаралық тұрғыдан қамтамасыз етудің оңтайлы жолдарын іздеуде»,- деді.
Қатысушылар гидротехникалық құрылыстардың қауіпсіздігі жөнінде заңнаманы әзірлеу үшін үкіметаралық жұмыс тобын құруды және іс-әрекеттер жоспарын жасауды қоса алғанда, бірқатар ұсынымдар әзірледі. Ұсынылып отырған жұмыс тобы халықаралық және жергілікті сарапшыларды тартуды, сондай-ақ халықаралық ұйымдармен ынтымақтастықты көздейді.
Іс-шара Астанадағы ЕҚЫҰ бағдарламалар офисінің табиғи және антропогенді апаттардың тәуекелдерін қысқарту және трансшекаралық су ынтымақтастығын ілгері жылжыту жөніндегі қызметінің бөлігі болып табылады. Бұл 2014 жылы ЕҚЫҰ-да Швейцария Төрағалығының және 2015 жылғы Сербия Төрағалығының басымдықтарына сай болды.