ЕҚЫҰ бөгеттер қауіпсіздігі мәселелері жөнінде Орталық Азияда ынтымақтастықты ілгері жылжытуға ықпал етуде
АЛМАТЫ, Қазақстан, 3 желтоқсан 2015 ж. – Бүгін Алматыда басталған екі күндік аймақтық конференция барысында бөгеттер қауіпсіздігіне баса назар аударыла отырып, су ресурстарын трансшекаралық басқару саласындағы озат тәжірибенің тұсаукесері мен талдауы өтті.
Конференцияны Астанадағы ЕҚЫҰ бағдарламалар офисі Аралды құтқару халықаралық қорының (АҚХҚ) Қазақстандағы Атқарушы директоратымен және БҰҰ Еуропалық экономикалық комиссиясымен (БҰҰ ЕЭК) ынтымақтастықта Орталық Азия экономикаларына арналған БҰҰ Арнайы бағдарламалары шеңберінде ұйымдастырды.
Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан мен Түрікменстаннан келген, бөгеттерді басқару және төтенше жағдайларға дайындық саласында маманданатын, су мәселелері жөніндегі шамамен қырық сарапшы, сондай-ақ БҰҰ ЕЭК, Азия мен Тынық мұхитқа арналған БҰҰ Экономикалық және әлеуметтік комиссиясы (ЭСКАТО) мен Орталық Азияның Өңірлік экологиялық орталығының (ОАҚЭО) халықаралық сарапшылары бөгеттер қауіпсіздігі стандарттарын жақсарту жолдары мен әдістерін талқылап, бөгеттерді басқару жөніндегі қазіргі заманғы практикаларды ұсынады.
«Аймақтағы көптеген гидротехникалық құрылыстардың нашар техникалық жағдайы, олардың қауіпсіздігін жақсарту жөнінде шұғыл шаралар қабылдауды қажет етеді», - деді Астанадағы ЕҚЫҰ бағдарламалар офисінің Экономика және экология бөлімінің меңгерушісі Рати Джапаридзе. «Бөгеттер қауіпсіздігін тиімді қадағалау жүйесін құру және оны заңды қамтамасыз ету – ұқсас объектілерде апаттардың алдын алуда аса маңызды шарттарының бірі».
«Орталық Азия елдері мемлекетаралық маңызы бар нысандардың техникалық жағдайын жақсартатын, сондай-ақ қауіпсіздігін арттыратын, тұрақты құқықтық негіздегі ынтымақтастық үшін өңірлік ұйымдық тұғыр құру жөнінде қажетті және пәрменді шаралар әзірлегені аса маңызды»,- деді Аралды құтқару халықаралық қорының Қазақстандық филиалының атқарушы директоры Медет Оспанов.
Қатысушылар әзірлеген, қолданыстағы ұлттық заң шығару және реттеу механизмдерін өзгертуге, сондай-ақ Орталық Азия елдерінің арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған ұсынымдар талқылау нәтижелері болады.
Іс-шара ЕҚЫҰ бағдарламалар офисінің табиғи және антропогенді апаттар тәуекелдерін қысқарту және трансшекаралық су ынтымақтастығын жылжыту жөніндегі қызметінің бөлігі болып табылады. Ол 2014 жылы ЕҚЫҰ-да Швейцария Төрағалығының және 2015 жылы ЕҚЫҰ-да Сербия Төрағалығының басымдықтарына сай болды.