ЕҚЫҰ қылмыстық заңнамадағы новеллаларға байланысты адвокаттардың семинарлар топтамасын тәмамдауда
Елдің қылмыстық сот төрелігі кодекстеріндегі новеллаларға байланысты Астанадағы ЕҚЫҰ бағдарламалар офисі және Алматы қалалық адвокаттар алқасы бірлесіп ұйымдастырған адвокаттардың бес оқыту семинарлары сериясының соңғысы 2015 жылы 4 желтоқсанда Астанада өтті.
Іс-шаралар топтамасы өзгеріліп отырған қылмыстық заңнаманы мазмұндық және процессуалдық тұрғыдан түсіндіруде және іске асырудағы адвокаттардың әлеуетін арттыруға бағытталған. Қазақстанның түкпір-түкпірінен жиналған 200-ге жуық қатысушы дәлелдемелерді жинаудың ережелері мен стандарттары туралы, процессуалды келісімдерге келу тәртібі, сондай-ақ қылмыстық істердегі кінәны мойындау жөнінде келісімге келуге байланысты прокурордың рөлі туралы білді.
Ұлттық сарапшылар Қылмыстық іс жүргізу кодексі мен оның әдіснамасындағы ең маңызды өзгерістерге, соның ішінде қорғаныс стратегияларына, куәгерлерден жауап алудың ұйымдастырушылық және құқықтық қырларына, сонымен қатар жаңадан енгізілген дәлелдемелерді сақтау рәсімін қоса алғанда дәлелдемелердi жинау сияқты сұрақтарға шолу ұсынды.
Семинарлар топтамасы Қазақстанда құқық үстемділігін және жүргізіліп жатқан сот төрелігі реформасын қолдауға байланысты Бағдарламалар офисінің ұзақ мерзімді жұмысының құрамдас бөлігі болып табылады.