ЕҚЫҰ Қазақстандағы гендерлік теңдік мәселелеріне арналған оқыту семинарларын аяқтауда
2015 жылы 3 желтоқсанда ЕҚЫҰ-ның Астанадағы бағдарламалар офисі Қызылорда қаласында жергілікті және аймақтық билік өкілдеріне арналған гендерлік теңдік мәселелеріне арналған үш оқыту семинарының соңғысын өткізіп болды.
2015 жылдың маусым айынан желтоқсан айы аралығында өткен семинарлар барысында Маңғыстау облысының Ақтау қаласының, Ақмола облысының Көкшетау қаласының және Қызылорда қаласының 130-ға жуық жергілікті және облыстық атқарушы және уәкілетті органдарының жоғары лауазымды тұлғалары саясат пен жергілікті өзін-өзі басқаруда гендерлік теңдіктің қағидаттарын қалай қолдану керектігін білді.
Соңғы семинар ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері мен отбасылық- демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссиямен және Қызылорда облысының әкімдігімен бірлесіп ұйымдастырылды. Қатысушылар гендерлік теңдікті ілгері дамытудың салыстырмалы түрде жаңа салалары ретінде гендерге сезімтал бюджеттеу мен жыныстық белгі бойынша сараланған статистикалық деректерге баса мән бере отырып, Қазақстандағы гендер мәселелеріндегі қиыншылықтарын қарастырып өтті.
Семинар жұмысында қарастырылған тақырыптар арасында әйелдердің заңнамалық қатысуын арттырудағы, сайлау барысындағы ықтимал гендерлік стереотиптер, көшбасшы әйелдердің бейнесі мен халықтың сенімін арттыру тәсілдері, сонымен қатар сайлауға қатысу стратегиясы мен науқан өткізудің табысты техникасын дамыту, соның ішінде әлеуметтік желілер мен ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалана отырып, электоратпен арадағы қарым-қатынасты жүргізу салаларында озық тәжірибе болды.
Ұлттық сарапшылар қатысушылармен бірге гендерлік теңдік ұстанымдары ескеріле отырып, жергілікті өзін-өзі басқару мәселелеріне бойынша жақында қабылданған заңнаманың іс жүзінде қолданылу тәсілдерін, сондай-ақ тиісті басқаруды одан әрі дамытудың, ауыл аймақтары мен шағын қалалардағы ашықтық пен есеп берілудің тәсілдері мен құралдарын талқылап өтті.
Аталмыш шара Қазақстанға ұлттық заңнама мен саясатты ЕҚЫҰ-ның гендерлік теңдікті қолдау іс-қимылдарының жоспарына сәйкес іске асыру бойынша Бағдарламалар офисінің көптен бері іске асырылып келе жатқан жұмыстарының аясында өткізілген болатын.