Әйелдер, бейбітшілік және қауіпсіздік – ЕҚЫҰ қолдауымен өткізіліп отырған дөңгелек үстелдің негізгі тақырыптары
2015 ж. 27 қарашада Астана қаласында ЕҚЫҰ қолдауымен әйелдер, бейбітшілік және қауіпсіздік мәселелері бойынша БҰҰ Қауіпсіздік Кенесінің 1325 Резолюциясын Қазақстанда іске асыру бойынша дөңгелек үстел басталды.
50-ге жуық мемлекеттік органдарының жоғары лауазымды өкілдері, депутаттар, бейүкіметтік және халықаралық ұйымдар мен ғылыми орта өкілдері жаһандық қауіпсіздік контекстінде Резолюцияны іске асыру туралы біліп, Қазақстандағы гендерлік теңдік саласындағы қол жеткізілген алға басу мен өзекті мәселелерін талқыға салды.
ЕҚЫҰ-ның Астанадағы бағдарламалар офисі басшысының орынбасары Мирко Гюнтер қатысушыларды ЕҚЫҰ қатысушы-мемлекеттерінің Резолюцияны іске асырудағы тәжірибесімен таныстырып, сәйкес ұлттық іс-қимыл жоспарлары мен стратегияларын әзірлеу маңыздылығын атап өтті.
Грузия мен Франциядан келген сарапшылар қауіпсіздік саласындағы реформаның гендерлік қырларын талқылап, БҰҰ ҚК 1325 Резолюциясы бойынша Ұлттық іс-қимыл жоспарын әзірлеуде, соның ішінде шығындар мәселелері, есеп беру тетіктері мен азаматтық қоғамның рөлі бойынша өз елдерінің тәжірибесімен бөлісті.
Қатысушылар сонымен қатар Қазақстанның дипломатиялық келіссөздер, халықаралық даму мен гуманитарлық көмек арқылы, соның ішінде Ауғанстандағы жағдайды тұрақтандыру мақсатымен және БҰҰ бітімгершілік операцияларында Қазақстаннан әскери әйел-бақылаушыларды жіберу жоспарлары аясында аймақтық тұрақтылықты қолдаудағы рөлі мен негізгі бастамаларын талқылады.
Іс-шара ЕҚЫҰ-ның Астанадағы бағдарламалар офисімен, Орталық Азия елдеріндегі БҰҰ Әйелдер көпелдік бөлімшесімен, Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөнiндегi ұлттық комиссиясымен, Сыртқы істер министрлігімен және Қорғаныс министрлігімен бірлесіп ұйымдастырылды.
Дөңгелек үстел Бағдарламалар офисінің Қазақстанға гендерлік алға ілгерілету саласында қолдау көрсету бойынша ұзақ мерзімді күш салуының бөлігі болып табылады.