ЕҚЫҰ бағдарламалар офисі Қазақстанда органикалық егін шаруашылығының дамуын жылжытуда
АСТАНА, 26 қараша 2015 ж. – Бүгін ЕҚЫҰ қолдауымен Астанада өткен дөңгелек үстел аясында «жасыл» өсу қағидаттарына сәйкес ауыл шаруашылығын дамыту мәселелеріне назар аударылды. Іс-шараға Парламенттің, Ауыл шаруашылығы министрлігінің, сондай-ақ азаматтық қоғам мен бизнес секторының, соның ішінде Ұлттық кәсіпкерлер палатасының шамамен 60 өкілі қатысты.
Астанадағы ЕҚЫҰ бағдарламалар офисі «Жасыл» экономика және «G-Global» дамыту коалициясы заңды тұлғалар бірлестігімен бірге ұйымдастырған дөңгелек үстел органикалық ауыл шаруашылығын жылжыту қажеттіліктеріне, озат тәжірибемен алмасуға және жақында қабылданған ауыл шаруашылық өнімінің өндірісі туралы заңнаманың басымдықтарына бағытталды.
Қатысушылар сонымен қатар ұлттық сарапшылармен және Украинаның сарапшысымен бірлесіп ерікті сертификаттау жүйесін, энергияны және суды сақтайтын технологияларды пайдалануды, сондай-ақ органикалық егін шаруашылығы жөніндегі негіздемелік заңға толықтыру ретінде заңға сәйкес актілерді әзірлеу қажеттігін талқылады. Олар дөңгелек үстел соңында органикалық ауыл шаруашылығын дамытуда еліміздің құқықтық және ұйымдық құрылымын жақсартуға бағытталған, үкіметтік құрылымдарға ұсынылатын бірқатар ұсынымдар әзірледі.
«Бұл заң Қазақстанның ауыл шаруашылығында жаңа бағытты дамыту үшін итермелеуші күш болады», - деді Астанадағы ЕҚЫҰ бағдарламалар офисінің басшысы Наталия Зарудна. «Бұл органикалық өнімді стандарттау, сертификаттау, бақылау және таңбалау үрдісін бастау үшін негізін қалауды, сондай-ақ заң шығару базасын құруды және елдің ауыл шаруашылығына жасыл өсу қағидаттарын енгізу үшін басқа алғышарттарды қамтамасыз етеді».
ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Андрей Бегенеев: «Қазақстанның органикалық егін шаруашылығын дамытуда әлеуеті зор. Біздің міндетіміз азық-түлік өнімдерінің сапасын жоғарылатуға және қазақстандық азық-түлік өнімдерінің басқа елдерге экспортын өсіруге ықпал ететін сындарды шешімдер әзірлеуде»,- деді.
Бұл іс-шара қабылдаушы елге «жасыл» экономикаға көшуде көмек көрсетуге бағытталған органикалық агробизнесті жылжытуға арналған мемлекеттік және заңды мадақтау мәселелері жөніндегі үш іс-шара сериясында соңғы болды. Алдыңғы екі семинар Қызылорда мен Шымкент қалаларында өткізілді және органикалық өндірісті жылжыту мен ауыл шаруашылығына қазіргі заманғы технологияларды енгізу проблемаларына назар аударды.
Іс-шара Бағдарламалар Офисінің қабылдаушы елде «жасыл» өсу және тұрақты даму қағидаттарын жылжыту жөніндегі ұзақ мерзімді жұмысының бір бөлігі болып табылады.