Қазақстан экономикасында көміртегі өнімдерінің рөлін төмендету ЕҚЫҰ семинары назарында
АСТАНА, 23 қараша 2015 ж. - Бүгін Астана қаласында ЕҚЫҰ қолдауымен Парижде климаттың өзгеруі жөнінде Біріккен Ұлттар Ұйымының алдағы конференциясында бекітілуі тиіс міндеттемелерді ескере отырып, қазақстандық экономиканы декарбонизаттау тетіктері мен тәсілдері жөнінде семинар өтті.
Парламенттің, Ауыл шаруашылығы министрлігінің, Энергетика министрлігінің, Қаржы министрлігінің, Инвестициялар және даму министрлігінің және Ұлттық экономика министрлігінің шамамен алпыс өкілі халықаралық және ұлттық ұйымдармен бірлесіп «жасыл» өсу қағидаттарын жылжытудың институционалды және құқықтық тәсілдерін, сондай-ақ Қазақстан пәрнек газдарын қысқарту және экологиялық таза технологияларды ынталандыру жөніндегі өзінің міндеттемелерін орындау үшін пайдалана алатын құралдарды талқылады.
БҰҰ климаттың өзгеруі жөніндегі негіздемелік конвенцияның қол қоюшы мемлекеті болғандықтан, Қазақстан негізгі 1990 жылмен салыстырғанда, 2030 жылға қарай пәрнек газдарының шығарылуын 15%-дан 25 %-ға дейін қысқартуды мақсат етіп отыр.
«Жасыл инвестицияларды тарту үшін, біз экологиялық төлемдерден түсімдерді көміртегі төмен экономикаға көшу жөніндегі іс-шараларды қолдауға бағыттауымыз тиіс. Сонымен, табиғатты қорғаудан алынған салықтар көміртегі төмен технологиялар енгізуге ынталандыру ретінде пайдаланылады», - деп ҚР Энергетика вице-министрі Ұзақбай Қарабалин сөйлеген сөзінде атап өтті.
Елші, Астанадағы ЕҚЫҰ бағдарламалар офисінің басшысы Наталия Зарудна ЕҚЫҰ хабардарлықты жоғарылатуға және тұрақты экономикалық даму, бизнестің жұмысын және басқару тиімділігін арттыру үшін қолайлы жағдайлар жасау мүддесінде климаттың өзгеру қауіпіне қарсы тұру дайындығына айтарлықтай назар аударады деп атап өтті. «Бұл қызметтің ажырамас бөлігі ғылыми-практикалық сараптаманы және халықаралық тәжірибені тартумен шешімдер қабылдауға барлық тараптарды тарту болып табылады», - деп ол қосты.
Іс-шара Астанадағы ЕҚЫҰ бағдарламалар офисі Астанадағы Франция Елшілігінің қолдауымен «Жасыл Академия» ғылыми-зерттеу және білім беру орталығымен бірлесіп ұйымдастырылды. Бұл іс-шара Бағдарламалар Офисінің қабылдаушы елде «жасыл өсу» және тұрақты даму қағидаттарын жылжыту жөніндегі ұзақ мерзімді жұмысы шеңберінде өткізілді.