Орталық Азия жастар желісінің түлектері Венада ЕҚЫҰ жұмысымен танысуда
Орталық Азия жастар желісінің (CAYN) төрт түлегі 2015 жылы 6 қарашада Венаға екі күндік танысу сапары аясында ЕҚЫҰ мен оның институттарының жұмысымен танысты.
Студенттер ЕҚЫҰ Тұрақты кеңесінің сессиясына қатысып, ЕҚЫҰ Хатшылығының түрлі бөлімшелерінің, соның ішінде Шиеленістерді болдырмау орталығының, Коммуникациялар және бұқаралық ақпарат құралдарымен байланыс бөлімінің өкілдерімен, Бұқаралық ақпарат құралдары бостандығы мәселелері өкілімен, Трансұлттық қауіптер департаменті, Экономикалық және экологиялық қызмет үйлестірушісінің Бюросы мен Адам саудасына қарсы әрекет ету мәселелерінің Арнайы өкілі және үйлестірушісі кеңсесінің өкілдерімен кездесті.
Олар сонымен қатар ЕҚЫҰ Серб төрағалығының жастар және қауіпсіздік мәселелері жөнінде арнайы өкілі Анна-Катарина Дайнингермен кездесті. Дайнингер ханым ағымдағы жылдың шілде айында Хельсинки Қорытынды актісінің 40 жылдығына арнайы өткізілген семинарына қатысқан болатын.
Студенттер ЕҚЫҰ төрағалығының, ЕҚЫҰ жанындағы АҚШ Миссиясының, Қазақстан мен Ресей Федерациясы делегацияларының өкілдерімен кездесуге мүмкіндік алды. Олар сонымен қатар өз елдерінің Тұрақты өкілдерімен жеке кездесулер өткізді.
Сапарды ЕҚЫҰ-ның Астанадағы бағдарламалар офисі Орталық Азиядағы ЕҚЫҰ басқа дала миссияларының және Шиеленістерді болдырмау орталығының қаржылық және логистикалық қолдауымен ұйымдастырды.
Орталық Азия жастар желісі 2004 жылы білімді кеңейту және табысты студенттердің қазіргі қауіпсіздік қатерлері мен осындай қатерлерге орай әрекет етудегі ЕҚЫҰ рөлін түсіну мақсатында құрылды.