ЕҚЫҰ Қазақстанда Шекара қызметі офицерлерін тығыздықты өлшегіштерді пайдалану жөнінде оқытуда
2015 ж. 26 қазанда Шымкент қаласының маңында, Өзбекстанға жақын Қазығұртта Қазақстанға кіретін автомобильдерді тексеру үшін тығыздықты өлшегіштерді пайдалану бойынша екі күндік оқыту семинары басталды.
Іс-шараны Астанадағы ЕҚЫҰ бағдарламалар офисі Астанадағы АҚШ Елшілігімен бірлесіп, Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметімен ынтымақтастықта автомобильдердің жасырын қуыстарын және контейнерлерді тінтуге мүмкіндік беретін контрабанда детекторларын пайдаланумен танысатын Шекара қызметінің 30-ға жуық офицері үшін ұйымдастырған болатын. Іс-шара шекара арқылы тауарларды заңсыз тасымалдау мақсатында есіктер, дөңгелектер мен көлік құралдарында мүмкін жасырын қуыстарды анықтау үшін құралдарды пайдалану бойынша практикалық жаттығулармен аяқталады.
Оқыту семинары ЕҚЫҰ-ның аймақтағы трансұлттық ұйымдасқан қылмысқа қарсы тұжырымдамасының бір бөлігі болып табылады және шекара қызметі офицерлерін шекаралық өткізу бекеттерінде автомобильдерді тінту білімі мен техникасының тиімді рәсімдерімен қамтамасыз етуге бағытталған. Іс-шара 2014 ж. желтоқсан айында Қырғызстанмен шекарадағы Қордайда өткізілген үш күндік оқыту курсының жалғасы болып табылады.
Іс-шара сондай-ақ Астанадағы ЕҚЫҰ-ның бағдарламалар офисінің шекараларды интеграциялық басқаруды қолдау бойынша қызметінің аясында өткізілуде.