ЕҚЫҰ қолдауымен Қазақстанда ақшаны жылыстатуға және терроризмді қаржыландыруға қарсы әрекет ету жөніндегі сертификаттық бағдарлама басталды
Халықаралық стандарттартқа сәйкес келетін және банк секторының өкілдеріне қылмыстық жолмен алған табыстарды және терроризмді қаржыландыруды анықтауға және заңдастыруын болдырмауға бағытталған сертификаттық бағдарлама бүгін 19 қазанда Алматыда ЕҚЫҰ қолдауымен басталды.
Ол Қаржы министрлігінің Қаржы мониторингі комитетімен, Ұлттық Банкпен, Қаржы Институттары қауымдастығымен және Астанадағы АҚШ Елшілігімен бірлесіп ұйымдастырылған үш күндік семинардың ашылуында екінші деңгейдегі 20 банктің шамамен 30 маманына ұсынылды. Бұл тренингтің мақсаты қылмыстық жолмен алған табыстарды және терроризмді қаржыландыруды анықтау және заңдастыруын болдырмауда Қазақстан қаржы секторының әлеуетін күшейту болып табылады.
Сондай-ақ, семинарға қатысушылар банк алаяқтығы әдістері мен схемаларын қарайды және ақшалай қаражатты жылыстатумен және терроризмді қаржыландырумен байланысты жағдайларды зерттеуде құзырлы органдар мен қаржы секторы өкілдерінің арасында әрекеттесуді нығайту жолдарын талқылайды.
Сертификаттық бағдарламаның ұлттық құрамдас бөлігін Қаржы министрлігінің Қаржы мониторингі комитетінің, Ұлттық Банктің, Қаржы Институттары қауымдастығының, екінші деңгейдегі төрт банктің өкілдері, сондай-ақ Украинадағы ЕҚЫҰ сарапшысы әзірледі. Ақшаны жылыстатумен күрес жөніндегі сертификатталған мамандар қауымдастығы бағдарламаның халықаралық бөлігін ұсынып, 2015 жылы 9-10 желтоқсанда Алматы қаласында Астанадағы АҚШ Елшілігінің қолдауымен қосымша тренинг өткізеді.
Бұл іс-шара Офистің қабылдаушы елге ақшаны жылыстатуға қарсы әрекет ету және терроризмді қаржыландырумен күресте көмек көрсету жөніндегі көп жылғы қызметінің бөлігі болып табылады.