ЕҚЫҰ пәрнек газдарының шығарылуын қысқарту бойынша Қазақстанның міндеттемелері жөнінде семинар өткізуге қолдау көрсетуде
АСТАНА, 12 қазан 2015ж. - Бүгін ЕҚЫҰ қолдауымен Астанада, Қазақстан, 2020-2030 жж. арналған пәрнек газдарының шығарылуын қысқарту бойынша Қазақстанның міндеттемелері жөнінде семинар өтті.
Парламенттің, Энергетика министрлігінің, Қаржы министрлігі мен Ұлттық экономика министрлігінің, бизнес қауымдастықтардың, халықаралық ұйымдар мен азаматтық қоғамның шамамен 70 өкілі пәрнек газдарының шығарылуын төмендету бойынша Қазақстанның ұлттық міндеттемелерінің жобасын (INDC) шолу үшін жиналды. Жоба 1990 жылғы деңгеймен салыстырғанда 2030 жылға қарай бүкіл экономика масштабында пәрнек газдарының шығарылуын 15% – 25% төмендету мақсатына жетуге бағытталған.
Қатысушылар Қазақстанда пәрнек газдарының шығарылуына квоталарды сату жүйесінің ағымдағы мәртебесі мен келешегін талқылады және Премьер-Министрдің кеңсесі үшін климаттың өзгеру салдарын жұмсартуды және шығарылуларды реттеуді қолдауда құқықтық және функционалды базаны жетілдіруге бағытталған бірқатар ұсынымдар дайындады.
ҚР Энергетика министрі Владимир Школьник сарапшылардың есептері бойынша елімізде пәрнек газдарының шығарылуын қысқарту үшін жеткілікті әлеуеті бар, бірақ экономиканың барлық секторларын бейімдеу үдерісінде қиындықтар туындайтынын атап өтті.
«Осыған байланысты біз климаттың ғаламдық өзгерістерінің салдарымен ортақ күресте белгіленген мақсаттарға жету үшін білім мен жаңа технологиялар беруде көмек көрсету үшін халықаралық ұйымдарға жүгіндік», – деп бөлісті Школьник.
ЕҚЫҰ Астанадағы бағдарламалар офисінің басшысы Наталия Зарудна былай деді: «ЕҚЫҰ үшін жасыл өсу қағидаттарына көшу және климаттың өзгерістерін жұмсарту жөнінде тиімді шаралар қабылдаудың бірінші кезекті мәні бар, себебі олар тұрақтылықпен және қауіпсіздікпен мызғымас байланыста». Ол үкіметтің, парламент пен қоғамның аталған мақсаттарға жету үшін бірлескен күш салу қажеттігін атап өтті және тиісті мәселелер бойынша тәжірибемен алмасу маңыздылығын айырып көрсетті.
Іс-шараны Астанадағы ЕҚЫҰ бағдарламалар офисі, Энергетика министрлігі, Қазақстан Республикасындағы Еуропа одағының өкілдігі және «Жасыл академия» ғылыми-білім орталығы ұйымдастырды.
Бұл іс-шара Офистің жасыл өсу қағидаттарын жылжыту және қабылдаушы елде тұрақты даму жөніндегі ұзақ мерзімді жұмысы шеңберінде өткізілді.