ЕҚЫҰ-ның Астанадағы бағдарламалар офисі полиция қызметкерлеріне адам құқықтары жөнінде оқыту ісіне қолдау көрсетуде
2015 жылы 12 қазанда бүкіл елден келген Ішкі істер министрлігі жоғары оқу орындарының 11 оқытушысына арналған адам құқықтары жөніндегі тренерлерге арналған семинар ЕҚЫҰ қолдауымен Алматы қаласында басталды.
Екі күндік оқыту семинары ЕҚЫҰ-ның Астанадағы бағдарламалар офисімен Ішкі істер министрлігі және Адам құқықтары мен заңдылықты сақтау жөніндегі қазақстандық халықаралық бюромен серіктестікте ұйымдастырылған.
Іс-шара барысында Бюро және Ішкі істер министрлігінің сарапшылары алдыңғы қатарлы және халықаралық тәжірибені бөлісуде интерактивті элементтерді пайдалана отырып, курстарды өткізеді. Қатысушылар полиция офицерлерін адам құқықтарын қорғаудың заңдық және практикалық қырларына даярлау мақсатымен дайындалған «Адам құқықтарын қорғау полиция қызметі және міндеті ретінде» атты оқу құралы таратылады.
Тренерлерге арналған тренинг құқықтық сала мен қылмыстық сот төрелігі реформасының жаңа өзгерістерін көрсетіп, полиция қызметінің демократиялық негіздерін ілгері жылжыту мақсатында ЕҚЫҰ бағдарламалар офисінің ұзақ мерзімді қызметінің бір бөлігі болып табылатын осындай іс-шаралар серияларын жалғастырады. Осы жоба шеңберіндегі тренерлерге арналған тренингтер мен мастер класстар 2010, 2012, 2013 және 2014 жылдары өткізілді.