ЕҚЫҰ Қазақстанда су ресурстарын басқару жөніндегі аймақтық семинарын қолдауда
АЛМАТЫ, Қазақстан, 23 қыркүйек 2015 ж. – ЕҚЫҰ қолдауымен бүгін Алматы қаласында біліммен және тәжірибемен алмасу арқылы аймақтық ынтымақтастықты ілгері жылжыту мақсатында су ресурстарын басқару жөнінде оқыту семинары басталды.
Үш күндік іс-шараны Астанадағы ЕҚЫҰ бағдарламалар офисі Қазақстан-Неміс университетімен және Германия мен Қазақстанның Сыртқы істер министрліктерімен ынтымақтастысып ұйымдастырды. Оған Орталық Азия елдері мен Ауғанстанның шамамен 20 жас мамандары қатысып, Біріккен Ұлттар Ұйымының Орталық Азияға арналған алдын алу дипломатиясының аймақтық орталығы мен Біріккен Ұлттар Ұйымының Білім, Ғылым және Мәдениет жөніндегі ұйымының сарапшылары ұсынған озат халықаралық практикаларды үйренеді және оларды аймақтағы су ресурстарын басқару жөніндегі ұлттық секторларға енгізу жолдарын анықтайды.
«Бүгінгі күні Орталық Азия аймағындағы су ынтымақтастығы техникалық және ғылыми әрекеттестік шегінен шығатынын біздің әрқайсымыз түсінеміз», - деді Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің саяси мәселелер жөніндегі кеңесшісі Дудар Жакенов. «Бұл кедейлік пен климаттың өзгеруімен күрестегі негізгі құралдардың бірі, біздің мемлекеттеріміздің әлеуметтік және экономикалық дамуын тұрақтандыру факторы».
Астанадағы ЕҚЫҰ бағдарламалар офисінің экономика және экология бөлімінің меңгерушісі Рати Джапаридзе: «ЕҚЫҰ жас мамандардың жергілікті, ұлттық және аймақтық мәселелерді шешу мақсатында инновациялық және креативті шешімдер қабылдайтындай олардың әлеуетін айтарлықтай күшейтуге зор мән береді».
Қатысушылар су ресурстарын бірігіп басқару бойынша пікірлермен алмасады, себебі бұл трансшекаралық су ресурстары саласындағы халықаралық құқыққа жатады, сондай-ақ аймақтағы су ресурстарын, атап айтқанда Орталық Азия су ресурстары жөніндегі жастар парламентін құру арқылы басқаруды талқылайды. Сонымен қатар олар климаттың өзгеруінің су ресурстарына әсері, аймақтық су секторындағы деректерді және ақпаратты басқару, су ресурстарын басқару жөніндегі аймақтық келісімдер мен су ресурстарын басқару жөніндегі ұлттық заңнама туралы мәселелерді қарастырады.
Семинар Офистің су ресурстарын басқару жөніндегі аймақтық ынтымақтастықты ілгері жылжытудағы ұзақ мерзімді үлкен күш салуының бөлігі болып табылады және ЕҚЫҰ Төрағалығының жастардың шешімдер қабылдау үдерісіне қатысу деңгейін жоғарылату саласындағы басымдығына сәйкес келеді.