ЕҚЫҰ Қазақстанда бұқаралық кездесулерді басқару жөніндегі семинарлар сериясын жалғастыруда
АЛМАТЫ, 18 қыркүйек 2015 ж. - Бүгін Алматыда полиция қызметкерлеріне арналған бұқаралық кездесулерді басқару жөніндегі үздік практикалары бойынша ЕҚЫҰ қолдаған екі күндік семинар аяқталды. Осыған ұқсас семинар 14-15 қыркүйекте Астана қаласында өтті. Екі семинарлар ЕҚЫҰ бағдарламалар офисі мен Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Германия Сыртқы істер министрлігінің қаржылық қолдауымен ұйымдастырылды.
Қазақстан Республикасының барлық өңірлерінен 40 орта және басқарушы бөлімінің әкімшілік полиция қызметкерлері бұқаралық кездесулерді басқарудың халықаралық стандарттарды, қауіпсіз тактиканы және құқықтық негізді Германия, Литва және Ұлыбританиядан келген сарапшылардан білді.
Тақырыптардың қатарында мыналар кірді: қоғамдық шаралар кезінде қоғамдық тәртіпті сақтауда құқық қорғау органдарының рөлі, адамдардың үлкен топтарын басқару жөніндегі арнайы полиция бөлімшелерінің құрылымы және ұйымдастыруы, бұқаралық кездесулер басқарудағы превентивті стратегиялары мен деэскалация тактикалары. Үкіметтік емес ұйымдардың, футбол клубтардың және Ішкі істер департаменті жанындағы қоғамдық кеңестердің өкілдері практикалық мысалдарды келтіріп азаматтық қоғаммен өзара іс-қимыл артықшылықтарын және бұқаралық кездесулер басқарудағы журналистердің құқықтарын қорғау маңыздылығын түсіндіріп, сондай-ақ спорттық іс-шараларда стюардтарды пайдалануды атап өтті.
Қатусышылар Астанада өтетін алдағы халықаралық ЭКСПО-2017 көрмесі аясында жаппай тәртіпсіздіктер мен полиция практика кезінде қазалы емес қаруды пайдалану ережелері мен техника жөніндегі мәселелерді талқылады. Олар тактика мен рәсімдер бойынша тәжірибелік сабақтарға қатысты.
ЕҚЫҰ Астанадағы бағдарламалар офисінің басшысы Елші Наталья Зарудная былай деді: «Полицияның ең жоғары басымдығы әрқашан адам құқықтарын құрметтеу мен өмір қорғау болуы тиіс. Полиция қызметкерлері күш қолдануды талап жағдайға ұшыраған кезде, олар пайдаланылатын күшіне пропорционалдық туралы шешім қабылдау қажет; ол қарқындылығы, ұзақтығы мен көлемі және қоғамдық тәртіпті қорғау заңды мақсатқа қол жеткiзуге бағытталатын шешім болуы тиіс».
Полковник Батырлан Есенбаев, Астана қаласы Ішкі істер департаменті басшысының орынбасары, былай деді: «Қазақстан жоғары деңгейдегі іс-шаралар үлкен санын қабылдайды, cоның ішінде футбол матчтары және ЭКСПО-2017 көрмеcі. Сондықтан, біз адамдар мен олардың конституциялық құқықтарын қорғауына баса назар аудара отырып, бұқаралық кездесулер басқарудың ең жақсы халықаралық практика мен тактикаларын тануға және жүзеге асыруымызға қажет».
Аталған іс-шара өткен жылы ұйымдарстырға бұқаралық кездесулерді басқару жөніндегі семинарды жалғастырып, демократиялық полиция қызметін жылжыту үшін бағдарламалар офисінің бөлігі болып табылады.