ЕҚЫҰ жас экологтарға арналған Орталық Азияның көшбасшылылық бағдарламасын қолдайды
АЛМАТЫ, Қазақстан, 14 қыркүйек 2015 ж. – Бүгін Алматыда ЕҚЫҰ қолдауымен Орталық Азияның көшбасшылық тұрақты даму саласындағы бағдарламасы аясында жыл сайынғы семинар басталды.
Бұл іс-шара алтыншы жыл қатарынан Орталық Азияның және Ауғанстанның жас мамандары мен азаматтық қоғам белсенділерін шешім қабылдау үрдісінде тұрақты даму және қоршаған ортаның, сондай-ақ жас пікірлес-көшбасшылар арасында байланысты орнатуға көмектесу мәселелерін ықпалдастыруды арттыру мақсатында біріктіреді.
Астанадағы ЕҚЫҰ бағдарламалар офисі Норвегия Үкіметінің қолдауымен Орталық Азия өңірлік экологиялық орталығымен (ОАӨЭО) және Біріккен Ұлттар Ұйымының қоршаған орта бағдарламасымен тығыз ынтымақтастықта екі апталық оқу семинарын ұйымдастырды.
Ұлттық үкіметтердің, жеке сектордың және үкіметтік емес ұйымдардың шамамен 40 қатысушысы климаттың өзгеруімен байланысты проблемаларды, жасыл өсу және су ресурстарын бірігіп басқару қағидаттарын ықпалдасуды, сондай-ақ жұртшылықтың қоршаған ортаны және трансшекаралық контексті қоса алғанда, экономикалық мәселелер бойынша шешімдер қабылдау үдерісіне қатысуды кеңейтуді үйренеді.
Қатысушылар жаһандық сын-қатер контексіндегі тұрақты дамумен байланысты мәселелерді кешенді бағалау жүргізуге тартылады және елдің аймақтағы және одан тыс жерлердегі қажеттіліктері мен басымдықтарын айқындайды. Қатысушылар ұлттық және халықаралық сарапшылармен бірге су ресурстарын басқару және ауыз суға қол жетерлік, энергия тиімділігі мен табиғи қорларды ұтымды пайдалану, тиісті басқару және гендерлік проблемалар мәселелеріне көңіл бөледі.
Астанадағы ЕҚЫҰ бағдарламалар офисінің басшысы, елші Наталия Зарудна: «ЕҚЫҰ барлығымыздың алдымызда тұрған қауіпсіздік проблемаларын, оларға тиімдірек жауап іздеу мақсатында талқылауға жастарды тартуды батыл қолдайды. Өткен ұрпақтардың жинаған барлық білімін жылдам игеру және инновациялық әрі стандартты емес шешімдер ұсыну үшін біз өсіп келе жатқан ұрпақтың әлеуетін күшейтуге үлкен мән береміз»,- деді.
ОАӨЭО-ның Атқарушы директоры Искандар Абдуллаев: «Биыл біздің бағдарлама аймақтық ынтымақтастық, климаттың өзгеруімен күресу және суға қол жетімділікті қамтамасыз ету мен барлығы үшін энергия арқылы экологиялық қауіпсіздікті нығайтуға баса назар аударады», - деді.
Іс-шара жасыл өсудің тұрақты дамуын және қағидаттарын жылжыту, сондай-ақ жастарды аймақтағы және одан тыс жерлердегі экологиялық қауіпсіздік сын-қатерлерін шешуге тарту жөніндегі ЕҚЫҰ-ның ұзақ уақыттан бері атқарылып келе жатқан жұмыстарының бір бөлігі болып табылады.