ЕҚЫҰ Қазақстанда халықаралық сауда рәсімдерін жеңілдету жөнінде семинар өткізуде
АЛМАТЫ, Қазақстан, 2 қыркүйек 2015 ж. – Бүгін Алматыда ЕҚЫҰ қолдауымен сауда рәсімдерінің практикалық аспектілері мен кеден органдарының функциялары жөнінде үш күндік семинар басталды.
Іс-шараға 50-ге жуық Мемлекеттік кіріс комитетінің өңірлік бөлімшелерінен лауазымды тұлғалар, бизнес-қауымдастық өкілдері мен Грузиядан, Қырғыз Республикасынан, Өзбекістаннан, Ресей Федерациясынан, Дүниежүзілік банк пен Еуразия экономикалық комиссиясынан сарапшылар қатысуда.
Қатысушылар кеден рәсімдерін өтуді жеңілдетумен байланысты мәселелерді және Дүниежүзілік сауда ұйымының негізгі стандарттары, әкімшілік кедергілерді жоюға және табысты халықаралық сауда үшін сенімді жеткізу тізбектерін қамтамасыз етуге арналған бірлескен тетіктерді дамыту сияқты тақырыптарды талқылайды. Кедендік әкімшілік ету және үздік халықаралық практикаларды репликаттауды үйлестіру мақсатында қазіргі заманғы ақпараттық технологиялар енгізуге ерекше назар аударылатын болады.
Қаржы министрлігі Мемлекеттік кіріс комитетінің Кедендік бақылауды ұйымдастыру басқармасының басшысы Ержан Әбдрахманов: «Бизнесті жүргізудің қазіргі шарттары Мемлекеттік кіріс комитетінің органдарынан кедендік бақылауды ұйымдастырудың жаңа әдістерін енгізуді талап етеді. Дүниежүзілік сауда ұйымына кіру сауатты және кәсіби басқаруды қамтамасыз етуді талап ететінін атап өткім келеді», - деді. Ол бұұл семинар - шетел елдерінің тәжірибесімен танысу және Қазақстанда озат тәжірибені пайдалану бағытындағы қадам болып табылады деп қосты..
Астанадағы ЕҚЫҰ бағдарламалар офисінің экономика және экология бөлімінің меңгерушісі Рати Джапаридзе: «Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына кіру тұрғысынан кедендік бақылау әдістерін жаңарту қажеттігі айқын бола түсуде», - деді. Ол кеден рәсімдерінің тиімділігін көтеру және барлық деңгейлерде сауда рәсімдерін жеңілдету аймақтағы сыртқы сауда айналымын ұлғайтуға ықпал етеді деп қосты.
Семинарды Астанадағы ЕҚЫҰ бағдарламалар офисі Халықаралық ынтымақтастық жөніндегі Германия қоғамымен (GIZ) бірлесіп ұйымдастырды. Іс-шара Бағдарламалар офисінің қабылдаушы елге тиімді басқаруға және аймақтағы саудаға көмектесуде көп жылғы күш салуының бөлігі болып табылады.