ЕҚЫҰ Қазақстанда жарылғыш заттардды іздеу үшін иттерді пайдалану бойынша оқыту курсын аяқтауда
АЛМАТЫ, 28 тамыз 2015 ж. – Бүгін Алматы қаласында ел қауіпсіздігіне трансұлттық қатерлермен күресте иттерді тиімді пайдалану бойынша үш апталық біліктілікті арттыру курсы аяқталды.
іздестіру иттерін пайдалану бойынша Алматыда басталды. Іс-шара елде қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін иттерді тиімді пайдалану саласында өз білімін жетілдіру арқылы Қазақстанның құқық қорғау органдарының әлеуетін нығайтуға бағытталған.
Мемлекеттік кіріс комитетінің, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің, Мемлекеттік күзет қызметінің, Шекара қызметінің және Ішкі істер министрлігінің өкілі болып табылатын бес кинолог-маманы Австрия Ішкі істер министрлігінің кинологиялық орталығы басшысының жетекшілігімен оқытудан өтті. Олар жарылғыш заттарды табу бойынша практикалық жаттығулармен ит үйрету және кинологтарды оқытудың кейбір озық әдістерімен таныс болды. Қатысушылар кейінірек жергілікті құқық қорғау органдарының әріптестерімен өз білімімен қалай бөлісу туралы ақпарат алды.
Аяқталу салтанатында сөз сөйлей отырып, Мирко Гюнтер, Астанадағы ЕҚЫҰ бағдарламалар офисі басшысының орынбасары былай деді: «Иттер түрлі, соның ішінде трансұлттық сипаттағы қылмыстың алдын алуда құқық қорғау органдарында қызмет етуге қажетті бірегей қабілеттері бар екендігін дәлелдеді. Қызметтік иттердің дағдыларын жетілдіру көп уақыт пен ынтаны қажет ететіндіктен, ықпалды және тиімді тәсіл болып иттерді үйретуде үздік халықаралық тәжірибені қолдану табылады».
Рыспек Смақов, Алматы қаласындағы Кедендік бақылау комитетінің Кинологиялық орталығының басшысы былай деді: «Мемлекеттік кіріс комитетінің Кинологиялық орталығы қауіпсіздік қатерлерімен күреске бағытталған ведомствоаралық және халықаралық ынтымақтастықты барынша қолдайды. Былтыр Алматы қаласында халықаралық тренердің қатысуымен басталып, Австрияда жалғасын тапқан оқыту курсы осындай ынтымақтастық тек тренерлерге ғана емес, сонымен қатар біздің кинолог әріптестерге де жақсы нәтижелер беретіндігін дәлелдеді».
Оқыту курсы ЕҚЫҰ-ның Астанадағы бағдарламалар офисі Мемлекеттік кіріс комитетінің Кинологиялық орталығымен, сондай-ақ Астанадағы АҚШ Елшілігімен бірлесіп ұйымдастырылды.
Курс 2014 жылы қазанда өткен оқу курсының жалғасы және Офистің трансұлттық ұйымдастырылған қылмыспен және терроризммен күресте Қазақстанның қабілетін арттыру бойынша көп жылғы қызметінің бөлігі болып табылады.