Қазақстанда ЕҚЫҰ қолдаған семинар тақырыбы - заңнамалық процесінде азаматтық қоғамның рөлін арттыру
АЛМАТЫ, 27 тамыз 2015 ж. - Бүгін Алматыда ЕҚЫҰ-ның қолдауымен заңнамалық процесінде азаматтық қоғамның қатысуын арттыру жөніндегi оқыту семинары басталды.
Екі күндік іс-шара Парламент қолдауымен «Қазақстанда парламентаризмді дамыту қоры» қоғамдық қорымен бірлесiп ұйымдастырылды және шамамен 30 үкіметтік емес ұйымдар мен саяси партиялардың өкілдерін, сондай-ақ Парламенттің бұрынғы және қазіргі депутаттарын жинады.
Іс-шара құқықтық актілерге ұсыныстар және тиісті құжаттаманы дайындау, оның ішінде салыстыру кестелерi мен сілтемелерді дайындау үшін бүкіл елдiн азаматтық қоғам белсенділерінің дағдылары мен қабілеттерін дамытуға бағытталған. Сондай-ақ қатысушылар ұсыныстарды қалай дайындауды және оларды Парламентке усынуды үйреніп, азаматтық қоғам мен заңнамалық билік арасындағы өзара іс-қимылды жақсарту жолдарын талқылайды.
«Ашық және кешенді заңнамалық процесс саяси, экономикалық және әлеуметтік даму үшін негізгі фактор, сондай-ақ қауіпсіздік пен тұрақтылықтын маңызды үлесі болып табылады. Азаматтық қоғам ұйымдары сайланған лауазымды тұлғаларға қоғамдық пікірді жеткiзуде маңызды рөл атқарады», – деді Мирко Гюнтер, Астанадағы ЕҚЫҰ бағдарламалар офисінің басшысының орынбасары.
Айгүл Соловьева, Қазақстан Республикасы Парламенттің төменгі палатасы Мәжілісінің мүшесі, елдің әлеуметтік, саяси және экономикалық дамуына қатысты басты мәселелер бойынша қоғамдық пікірді заңнамалық процесіне жеткiзуге сындарлы үлес қосудағы азаматтық қоғамның әлеуетін арттыру үшін осы диалогтын маңыздылығын атап өтті.
Іс-шара барысында заң шығарушылық қызметінің шаралары мен әдістері, соның ішінде заңнамалық процесінде азаматтық қоғаммен өзара іс-қимылдың тиімді нысандары бойынша парламенттік комитеттері, жұмыс топтары мен депутаттық фракциялар үшін ұсынымдар, Офистің қолдауымен әзірленген және жарияланған үкіметтік емес ұйымдар үшін практикалық нұсқау ұсынылатын болады.
Семинар ЕҚЫҰ қолдаған заңнамалық процесінде азаматтық қоғамның рөлін арттыру жөніндегі іс-шаралар сериясын жалғасы болып табылады.