ЕҚЫҰ шетелдік терроршы-жауынгерлер феноменіне қатысты шаралар қабылдау мәселелері жөніндегі аймақтық семинарды қолдауда
АЛМАТЫ, Қазақстан, 20 тамыз 2015 ж. – БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің 2178 (2014) Қарарында ұйғарылған шетелдік терроршы-жауангерлерге қатысты алдын ала сақтандыру міндеттемелері мен құқық бұзушылықтарды криминалдандыру мәселелері жөніндегі екі күндік аймақтық семинар бүгін Қазақстанның Алматы қаласында басталды.
Іс-шараны ЕҚЫҰ-ның Трансұлттық қауіптер жөніндегі департаменті/Антитеррорлық бөлімшесі мен БҰҰ есірткі мен қылмыс жөніндегі басқармасы Астанадағы ЕҚЫҰ бағдарламалар офисінің қолдауымен ұйымдастырды. Қазақстанның, Қырғызстанның, Тәжікістан мен Өзбекістанның құқық қорғау органдары мен ұлттық қауіпсіздік комитеттерінің шамамен 30 өкілі БҰҰ агенттіктерінің және Шанхай ынтымақтастық ұйымының өкілдерімен және Босния мен Герцеговина және Біріккен Корольдік сарапшыларымен БҰҰ ҚК 2178 Қарарын ұлттық және аймақтық деңгейде орындаудың түрлі қырларын талқылады.
Талқылау барысында террористік актілерді жасау, жоспарлау, дайындау немесе қатысу мақсатында саяхаттап жүрген жекелеген адамдарды тартудың, ұйымдастырудың, тасымалдаудың немесе жабдықтаудың алдын алу және тамырына балта шабу жөніндегі міндеттемелерді қозғады. Сондай-ақ, террорлық дайындық алудың немесе берудің не сәйкес сапарларды қаржыландырудың алдын алу жөніндегі мемлекеттік ынтымақтастықтың ықтимал тәсілдері қарастырылды.
«Терроризммен тиімді күрес мақсатында біз барлық себептік-салдарлық байланыстарды түсінуге, экстремистік идеяларды тарату жағдайларын жою жөнінде шаралар қабылдауға және оларды барлық деңгейлерде оң баламамен дәлелді ақпараттық компаниялар жүргізу арқылы экстремистік идеялардың теріс салдарларын жоюға немесе төмендетуге күш салуға тиістіміз. Біз бұл қарсы насихаттауға әйелдерді, олардың отбасын, құрдастарын, қауымдарды, қоғам қайраткерлерін және діни көшбасшыларды тартуға тиістіміз», - деді Елші, Астанадағы ЕҚЫҰ бағдарламалар офисінің басшысы Наталия Зарудна.
БҰҰ ЕҚБ Терроризмнің алдын алу секторының уәкілетті қызметшісі Долгор Солонго: «Шетелдік терроршы-жауынгерлер феномені жаңа болмаса да, соңғы уақытта теңдессіз деңгейге жетті және Орталық Азия осы ауыртпалықтың әсеріндегі аймақтардың бірі болып табылады. БҰҰ ЕҚБ аймақтың елдеріне бұл сын-қатерге қарсы әрекет ету мақсатында түрлі жәрдем беру бағдарламалары арқылы қолдау көрсетуге дайын»,- деді.
Іс-шара терроризммен күрес және халықаралық ынтымақтастыққа жәрдемдесу жөніндегі Офистің осы бағыттағы көп жылғы күш салуының бөлігі болып табылады.