ЕҚЫҰ Қазақстанда құқық қорғау органдарының қызметкерлерін жарылғыш заттарды іздеу үшін иттерді пайдалануға оқытуда
10 тамыз 2015 ж. іздестіру иттерін пайдалану бойынша үш апталық біліктілікті арттыру курсы Алматыда басталды. Іс-шара елде қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін иттерді тиімді пайдалану саласында өз білімін жетілдіру арқылы Қазақстанның құқық қорғау органдарының әлеуетін нығайтуға бағытталған.
Іс-шараны ЕҚЫҰ-ның Астанадағы бағдарламалар офисі Мемлекеттік кіріс комитетінің Кинологиялық орталығымен, сондай-ақ Астанадағы АҚШ Елшілігімен бірлесіп ұйымдастырды.
Мемлекеттік кіріс комитетінің, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің, Мемлекеттік күзет қызметінің, Шекара қызметінің және Ішкі істер министрлігінің өкілі болып табылатын бес кинолог-маманы Австрия Ішкі істер министрлігінің кинологиялық орталығы басшысының жетекшілігімен оқитын болады. Олар жарылғыш заттарды табу бойынша практикалық жаттығулармен ит үйрету және кинологтарды оқытудың кейбір озық әдістерімен таныс болады. Қатысушылар жергілікті құқық қорғау әріптестерімен өз білімімен бөліседі деп күтілуде.
Курс Офистің трансұлттық ұйымдастырылған қылмыспен күресте Қазақстанның қабілетін арттыру бойынша көп жылғы қызметінің бөлігі және 2014 жылы қазанда өткен оқу курсының жалғасы болып табылады.