ЕҚЫҰ Қазақстандағы тұрмыстық зорлық құрбандары үшін арнайы әлеуметтік қызметтер стандарттарын әзірлеу жөнінде жұмыс тобының отырысын өткізуге қолдау көрсетуде
2015 жылы 29 шілдеде Астанада ЕҚЫҰ-ның Астанадағы бағдарламалар офисінің қолдауымен тұрмыстық зорлық құрбандары үшін арнайы әлеуметтік қызметтер стандарттарын әзірлеу мақсатында құрылған ведомствоаралық жұмыс тобының бірінші отырысы өтті.
Ішкі істер, денсаулық сақтау және әлеуметтік даму, білім және ғылым министрліктері мен олардың облыстық құрылымдары, сондай-ақ халықаралық және үкіметтік емес ұйымдарының өкілдері болып табылатын, топтың шамамен 20 мүшесі тұрмыстық зорлық құрбандары үшін арнайы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттар жобаларының жаңартылған нұсқасын талқылады.
Құжаттың жобасы құрбандарға әлеуметтік қызметтер көрсететін мемлекеттік және үкіметтік емес ұйымдарға деген аумақ пен талаптарды, қолданыстағы ұлттық заңнамаға сәйкес және бұрын адам саудасы құрбандары үшін әзірленген стандарттардан алынған сабақтарды ескере отырып, айқындайды.
Қостанай және Павлодар қалаларында әйелдер мен балаларды бейімдеу орталықтарының өкілі болып табылатын екі сарапшы жалпы статистикалық деректері бар тұрмыстық зорлықтан зардап шеккендермен ағымдағы жағдай туралы баяндама ұсынды және өздерінің практикалық тәжірибесіне негізделген ұсынымдарымен бөлісті.
Жұмыс тобы келешекте осы саладағы үздік халықаралық тәжірибені ескере отырып, тұрмыстық зорлық құрбандары үшін арнайы әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйымдардың міндеттері мен функцияларын, қабылдау шарттарын, құрбандарды сәйкестендіру түрлерін, құрбандарға қызмет көрсетудің минималды қамқорлық және қызмет көрсету стандарттарын анықтайды.
Отырыс Офистің қабылдаушы елге және азаматтық қоғамға тұрмыстық зорлыққа қарсы әрекет етуде және алдын алуда, сондай-ақ құрбандарға білікті әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі көп жылғы қызметі шеңберінде өткізілді.