ЕҚЫҰ Қазақстанда экологиялық өнімдерді өсіруге қолдау көрсетуде
Қ|ЫЗЫЛОРДА, Қазақстан, 16 шілде 2015 жыл - Бүгін Қызылорда қаласында ЕҚЫҰ қолдауымен елдің жасыл экономикаға көшуіне ықпалдасу үшін ауыл шаруашылығының орнықты дамуына және экологияға бағдарланып, сапалы өнімдерді өсіру мәселелеріне арналған семинар өтті.
ЕҚЫҰ Астанадағы бағдарламалар офисі «Жасыл» экономика және G-Global дамуды қолдау коалициясы және Сауда-өнеркәсіптік палатаның қолдауымен бірлесіп семинар ұйымдастырды. Семинар барысында экологиялық таза өнімдерді тиімділікпен өсіру және агроөнеркәсіптік кешенді қолдау құралдарын қамтамасыз ету үшін нормативтік-құқықтық базаны құрудағы мемлекеттің орны талқыланды. Сонымен қатар, Қазақстан Парламентінің Мәжілісі дайындаған және қоғамдық тыңдауға шығарылған экологиялық таза өнімдерді өсіру туралы заң жобасы қарастырылды.
Ұлттық және халықаралық тәжірибемен қатар экологиялық таза өнімдерді өсіру және су ресурстарын оңтайлы пайдалану жолындағы заманауи технологиялармен танысу үшін семинарға қатысқан 30 адамның арасында фермерлер мен кәсіпкерлер де болды. Семинар жұмысына облыстық билік органдарының, белгілі ауыл шаруашылық ғылыми-зерттеу институттарының, агроөнеркәсіптік кешен мен азаматтық қоғам өкілдері де қатысты.
Шара барысында өнімдері тамшылап суарылатын жергілікті кешенге саяхат ұйымдастырылып, қатысушылар экологиялық таза өнімдердің артықшылықтарын өз көздерімен көру мүмкіндігіне ие болды.
2015 жылы Офис органикалық ауыл шаруашылығы туралы заң жобасының талқылануына халық пен арнайы мамандардың қатысуына ықпалдасу мақсатында Қазақстанның өзге өңірлерінде осы тақырып бойынша тағы екі ақпараттық семинар өткізбек.
Аталмыш семинарлар Офистің экологияға бағдар алған өсім мен орнықты даму ұстанымдарын алға қою жолындағы ұзақ уақыттан бері атқарылып келе жатқан жұмыстарының бір бөлігі болып табылады. Бұл шаралар Қазақстанның жасыл экономикаға көшуіне серпін беретін және 2013-2020жж. арналған ұлттық бағдарламаның іске асырылуына қолдау көрсететін ЕҚЫҰ жүргізетін жұмыстардың жалғасы ретінде саналады.