ЕҚЫҰ Қазақстанда жергілікті өзін-өзі басқаруды жылжытуға көмектесуде
ШЫМКЕНТ, 10 шілде 2015 ж. – Бүгін Шымкент қаласында ЕҚЫҰ қолдауымен жергілікті өзін-өзі басқару реформалары саласындағы келесі қадамдар туралы конференция өтті.
Іс-шараны Астанадағы ЕҚЫҰ бағдарламалар офисі Ұлттық экономика министрлігімен әріптестікте шамамен 170 Парламенттің өкілі, облыстық әкімшіліктің лауазымды адамдары, Қаржы министрлігі мен Әділет министрлігінің орта буын басшылары, сондай-ақ Оңтүстік Қазақстан облысының шағын қалалары мен ауылдық округтарының әкімдері үшін ұйымдастырды.
Қатысушылар жергілікті өзін-өзі басқару реформасын іске асыруды талқылап, сондай-ақ осы саладағы құқықтық және институционалды базаны одан әрі дамыту жолдары туралы пікір алысты. Сонымен қатар, олар ұлттық сарапшылар мен мемлекеттік шенеуніктерден арнайы шоттар ашу, кірісті жинау және оны жергілікті қауымның қатысуымен жергілікті мазмұндағы сұрақтарды шешуге жұмсау сияқты қаржы және экономикалық аспаптар туралы білді. Орталық билік өкілдері жергілікті өзін-өзі басқаруды дамытуда келесі қадамдар туралы заңжобаны ұсынды және қатысушылармен ол жөнінде кері байланыс орнатты.
Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің депутаты Шалатай Мырзахметов: «Жергілікті өзін-өзі басқару туралы заң аудандық маңызы бар кенттер, ауылдар, ауыл округтары әкімдерінің сайланатындығы туралы норма енгізді, сондай-ақ төменгі деңгейдегі әкімдердің қаржы және экономикалық дербестілігін кеңейтті. Бұл жергілікті жиналыстардың қалыптасу тәртібі мен өкілеттігін реттеуге көмектеседі».
Астанадағы ЕҚЫҰ бағдарламалар офисінің экономика және экология бөлімінің меңгерушісі Рати Джапаридзе былай деді: «Жергілікті өзін-өзі басқару саласында реформалар жүргізу мемлекеттің шынайы демократиялық дамуының жылжуына ықпал ететін жергілікті қауымның әлеуетін пайдаланумен оңтайлы шешімдерді қамтамасыз ету үшін негізі болып табылады». Ол ЕҚЫҰ азаматтардың жергілікті маңызы бар мәселелерге, әсіресе ауылдық аудандарда, қатысу маңыздылығын мойындайды деп атап өтті.
Іс-шара тиісті басқаруды жылжытуға және қабылдаушы елде демократизациялауға бағытталған Офистің ұзақ мерзімді күш салуының бөлігі болып табылады.