ЕҚЫҰ Ортаазиялық жастар желісі Хельсинки Қорытынды актісінің 40 жылдығына байланысты қауіпсіздік мәселелеріне назар аударады
АЛМАТЫ, 7 шілде 2015 ж. - Бүгін Алматыда ЕҚЫҰ Ортаазиялық жастар желісінің жыл сайынғы форумы мен семинары басталды.
Үш күндік іс-шараны Астанадағы ЕҚЫҰ бағдарламалар офисі АҚШ-тың ЕҚЫҰ-дағы Миссиясының қолдауымен ұйымдастырылды. Іс-шараға 50-ге жуық Орталық Азия елдерінің, Ауғанстан мен Монғолияның студенттері мен түлектері, ЕҚЫҰ-ның өкілдері, Қазақстан, Қырғызстан, Норвегия, Швеция, АҚШ-тың сарапшылары мен спикерлері қатысты.
Биылғы форумның тақырыбы «Хельсинкиден кейін қырық жыл: Орталық Азия үшін жаңа және ескі проблемалар» ЕҚЫҰ-ның құрылуына әкелген Хельсинки Қорытынды актісінің 40 жылдығын атап өту үшін таңдалған болатын. Қатысушылар Орталық Азиядағы және одан тыс кешенді қауіпсіздітің негізгі проблемаларды талқылайды және ЕҚЫҰ аймағында қақтығыс өзгерту сипатын және ерекше жағдайларда қатерлерге жауап беруді қарастырады. Олар, сондай-ақ, Орталық Азиядағы негізгі бостандықтары мен адам құқықтары ілгерілетудегі азаматтық қоғамның рөлін талқылайды және су ресурстарын басқару мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске ерекше назар аудара отырып, интеграция жолында Орталық Азиядағы ынтымақтастықты қарастырады.
Питер Моссоп, Демократиялық институттар мен адам құқықтары жөніндегі бюроның қызметкері, және Анна-Катарина Дейнингер, ЕҚЫҰ қазіргі төрағасы басқармасының жастар істер және қауіпсіздік жөніндегі арнайы өкілі, ЕҚЫҰ-ның құндылықтары мен қағидаларын ілгерілету және аймақтағы қауіпсіздік мәселелерді шешу салаларында жастарды тартуға ерекше назар аударады. “ЕҚЫҰ зорлық-зомбылықты экстремизмге қарсы бірікті” деген ақпарат науқанда жастар тартуына ерекше көңіл аударылатын болады.
Питер Моссоп, Демократиялық институттар мен адам құқықтары жөніндегі бюроның қызметкері, және Анна-Катарина Дейнингер, ЕҚЫҰ қазіргі төрағасы басқармасының жастар істер және қауіпсіздік жөніндегі арнайы өкілі, ЕҚЫҰ-ның құндылықтары мен қағидаларын ілгерілету және аймақтағы қауіпсіздік мәселелерді шешу салаларында жастарды тартуға ерекше назар аударады. “ЕҚЫҰ зорлық-зомбылықты экстремизмге қарсы бірікті” деген ақпарат науқанына жастар тартуға ерекше көңіл аударылатын болады.
Форум саяси белсенділік, нетворкинг, мансап құру мен презентациялар әдістеріне бағытталған оқыту семинарларымен жалғастырылады. Тренингтер Халықаралық Қызыл Крест өкілдері басшылығымен дене тәрбиелік қауіпсіздік, жер сілкінісіне дайындық және қақтығыс жағдайында адам құқықтарын қорғау туралы сессиялардан құрылған төтенше жағдайларға дайындыққа байланысты жаттығуларымен аяқталады.
Елші Наталия Зарудна, ЕҚЫҰ-ның Астанадағы бағдарламалар офисінің басшысы, былай деді: «Хельсинкиден қырық жыл кейін ЕҚЫҰ элемге бөлу сызықтары аз еркін, демократиялық және интеграцияланған аймақты ұстанады. Оның қауіпсіздікке кешенді көзқарасы зор интеллектуалдық әлеуетті, қуатты, оптимисті және таптаурындарды жеңу мен айырмашылықты жасауға дайын жастарды белсенді тартумен одан әрі нығайтады».
Пол Фритч, АҚШ Мемлекеттік департаментінің аға кеңесшісі және ЕҚЫҰ Бас хатшысы кеңсесінің бұрынғы директоры былай деді: «Азаматтық қоғамның қатысуы ЕҚЫҰ-ның жұмысына ажырамас бөлігі болып табылады және жастардың қатысуы маңызы зор».
Іс-шара ЕҚЫҰ осындай қауіптерге әрекет ету рөлі мен қауіпсіздіктің заманауи қауіп-қатерлері туралы жастардың өзара түсіністігін күшейту аясында офис қызметінің бір бөлігі болып табылады.