ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисі Балқаш-Алакөл бассейні кеңесінің әлеуетін арттыруда
30 маусым күні Қазақстанның Алматы қаласында ЕҚЫҰ қолдауымен оқыту семинары мен Балқаш-Алакөл бассейні кеңесінің кезекті отырысы өтті.
ЕҚЫҰ Астанадағы Бағдарламалар офисі мен Балқаш-Алакөл бассейні кеңесінің ұйымдастыруымен өткен отырыстың жұмысына аймақтық су қорғау органдарының, бизнес құрылымдары мен азаматтық қоғамдастықтың 20-ға жуық өкілі қатысты. Жиын барысында семинарға қатысушылар өнеркәсіп салдарынан судың ластануы, бассейндегі су ресурстарының орынсыз пайдаланылуы және фрагментациялануы мәселерін, сондай-ақ қарқынды экономикалық даму нәтижесінде Балқаш-Алакөл бассейнінің экожүйесіне төнетін қауіптерді қарастырды. Олар шекара аралық контекстте суқоймаларды бөлу үшін қолданылатын халықаралық құралдармен танысып, мәселе бойынша ықтимал шешімдерді анықтады.
Оқыту семинары су ресурстарын тиімді басқару және олардың оңтайлы пайдалануы саласындағы проблемаларды шешу үшін, сондай-ақ бассейндегі суқоймалардың теңгерімді бөлінісін алға тартуға бағытталған ынтымақтастық мақсатында құрылған Балқаш-Алакөл бассейні кеңесінің онжылдығына арналған. Су ресурстарының пайдаланысын жақсарту және оны қорғау үшін іс-шара жоспарына сәйкес Алматы қаласының әкімшілігі, жергілікті гидроэлектростанция мен Балқаш-Алакөл бассейні инспекциясы отырыс барысында өзара келісімге қол қойылды.
Аталған шара Офистің су ресурстарын басқару саласындағы мемлекеттік мекемелердің әлеуеті мен мағлұмат алуын арттыруға бағытталған көпжылдық жұмысының бір бөлігі болып табылады. Бұл шара Сербияның ЕҚЫҰ төрағалық етуінің басым міндеттеріне және су мәселелеріне қатысты шешімдердің қабылдануына халықтың қатысу қажеттілігі белгіленген ЕҚЫҰ экономикалық және экологиялық өлшем бойынша стратегиялық құжатына сәйкес өткізіліп отыр. Сонымен қатар ол Қазақстанда 2015 жылы жарияланған Су жылының мақсаттарына сай келеді.