ЕҚЫҰ Астанадағы бағдарламалар офисі мен Қазақстан-Неміс Университеті Орталық Азиядағы су ресурстарының тиімді басқарылуына қолдау көрсетуде
2015 жылдың 26 маусымында Алматы қаласында (Қазақстан) ЕҚЫҰ қолдауымен су ресурстарын бірігіп басқару бойынша жазғы мектеп өз жұмысын аймақтағы және одан тыс мемлекеттерден жиналған сарапшылардың, зерттеушілердің және халықаралық ұйым өкілдерінің қатысуымен дөңгелек үстел талқылаумен аяқтады.
Үшінші жыл қатар өткізіліп отырған екі аптаға жалғасқан аталмыш шараны Қазақстан-Неміс Университеті ЕҚЫҰ Астанадағы бағдарламалар офисінің бірлесуімен ұйымдастырды. Германия, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан және Ауғанстан елдерінің зерттеушілері мен студенттері, университеттердің кіші оқытушылар құрамының 25-тен астам өкілі жиналған шара барысында жас экологиялық көшбасшылар су ресурстарының тиімді басқару саласындағы өз білімдерін тереңдету және аймақта орнықты тәжірибені ілгері жылжыту мақсатымен шараға жиналды.
Су және жер ресурстарын басқару жөніндегі теориялық дәрістер, үздік тәжірибе туралы презентациялар және тәжірибелік сабақтар түрлі тренингтерге енгізілген. Шара аясында бағдарламалар офисі су ресурстарын басқару саласындағы ЕҚЫҰ-ның басымдықтары мен іс-шараларын көпшілік назарына ұсынып, трансшекаралық су ресурстарын басқару тұрғысынан жанжалдардың алдын алу және оларды шешу бойынша тәжірибелік сабақтар өткізді. Өткізілген тәжірибелік сабақтар барысында қатысушылар қолданыстағы халықаралық стандарттар мен заң құралдарын пайдалана отырып, трансшекаралық су жанжалдарды басқару жолдарын анықтады.
Іс-шара Серб төрағалық басымдықтары мен су дипломатиясының қағидаттарын ілгерілету маңыздылығын атап көрсеткен экономиялық/экологиялық өлшемдегі ЕҚЫҰ стратегиялық құжаты бойынша 2003 жылғы Маастрихт қаласында өткен Министрлер отырысының шешіміне сәйкес су ресурстарын басқару саласындағы аймақтық ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған. Өткізіліп отырған шара Қазақстанда 2015 жылы жарияланған су жылы мақсаттарына да сай болып табылады.