ЕҚЫҰ қолдауымен Қазақстанда экология мәселелері бойынша шешім қабылдау бойынша ашық отырыстарға арналған семинары өтуде
2015 жылдың 26 маусымында ЕҚЫҰ қолдауымен Қазақстанның Өскемен қаласында экология мәселелері бойынша шешімдердің қабылдануына жұртшылықтың қатысуын арттыру құралы ретінде ашық отырыстардың рөліне арналған семинары өтті.
Іс-шара ЕҚЫҰ Астанадағы бағдарламалар офисінің қолдауымен Шығыс Қазақстан облысындағы Орхус орталығымен арадағы серіктестік аясында аудандық және орталық әкімшіліктің, азаматтық қоғамның, БАҚ және іскерлік қоғамдастықтардың 30 жуық өкіліне арнап өткізілді. Қатысушылар Орхус конвенциясының талаптарына сәйкес экология мәселелеріне арналған ашық отырыстарды ұйымдастырудағы тәжірибелерімен бөлісіп, елдің қолданыстағы заңнамасындағы кемшіліктерді қарастырып, заңға тиісті өзгерістер енгізуді ұсынды. Осымен қатар қатысушылар мүдделі тұлғалармен арадағы ынтымақтастықтың күрделі мәселелерін талқылап, олардың шешу жолдарын қарастырды.
Семинар қатысушыларға қоғаммен, уәкілетті органдармен және жекеменшік сектормен өзара әрекеттесудің мүмкіншіліктерін арттыруға, түрлі мүдделі тұлғалардың мүддесін ұғынуға және тосқауылдардан өтуге көмектескен бірнеше топтық жаттығуларды қамтыды. Талқы барысында дайындалған табиғатты қорғау заңнамасын жетілдіру жөніндегі ұсынымдар Энергетика министрлігінің, Парламенттің және жекеменшік сектордың және азаматтық қоғамның мүдделі тұлғалардың қарауына ұсынылатын болады.
Аталған шара аймақтық, ұлттық және трансшекараралық экология мәселелеріне қатысты үкімет тарапынан қабылданатын шешімдер деңгейінде бұқараның ақпаратқа қол жетімділікке, жұртшылықтың қатысуы мен әділдікке қол жетімділікке құқық беруді көздейтін Орхус Конвенциясын іске асыруды ілгері жылжытудағы Офистің көп жылдық жұмысының бір бөлігі болып табылады.