Қазақстанда соттардың баспасөз қызметкерлері ЕҚЫҰ-ның қолдаған оқыту семинарға қатысуда
АСТАНА, 18 маусым 2015 ж. - Бүгін Астанада ЕҚЫҰ-ның қолдауымен орталық және өңірлік деңгейде жұртшылықпен байланыс саласында сот жүйесінің баспасөз қызметкерлерінің әлеуетін арттыруға бағытталған оқыту семинар басталды.
Астанадағы ЕҚЫҰ бағдарламалар офисі, Жоғарғы сот және «Әдiл сөз» сөз бостандығын қорғау халықаралық қоры ұйымдастырған екі күндік іс-шара бүкіл ел бойынша шамамен 30 соттардың баспасөз өкілдерін, БАҚ сарапшыларын және құқық саласындағы мамандарын жинады.
Қатысушылар Жоғарғы Сот әзірлеген коммуникациялық стратегиясы және қазіргі уақытта Қазақстан Парламентте талқыланып жатқан ақпаратқа қол жеткізу туралы заң жобасы тұрғысынан соттардың баспасөз қызметкерлері мен сот мәселелерді қамтитын журналистер арасындағы қарым-қатынас және өзара іс-қимылды талқылайды.
ЕҚЫҰ сарапшысы, ұлттық бұқаралық ақпарат құралдары және құқық саласындағы мамандармен бірігіп, соттар мен бұқаралық ақпарат құралдарының арасындағы ынтымақтастық саласындағы үздік тәжірибемен алмасып, жұртшылықтың назарындағы сот iстерiне жауап жолдарын ұсынып, қоғамдық презентациялар, баспасөздер және бұқаралық ақпарат құралдарымен басқа байланыс құралдарын дайындау үшін соттардың баспасөз қызметкерлеріның біліктілігін арттыруға жәрдемдеседі.
«Журналисттер мен редакциялардың өзара тығыз іс-қимылы, баспасөз қызметкерлердің қол жетімділігі мен ашықтығы, олардың жоғары кәсіби деңгейі, сонымен қатар олардың осы саладағы терең білімі бүкіл жүйеге сенімін арттырып, сот органының беделін көтереді және ақпаратқа қол жеткізу принципін практикалық іске асыруға ықпал етеді», - деді Астанадағы ЕҚЫҰ бағдарламалар офисінің басшысы, елші Наталия Зарудна.
Ақылтай Қасымов, Жоғарғы Соттың қылмыстық істер жөніндегі қадағалаушы сот алқасының төрағасы, былай деді: «Бүгін ақпараттық ашықтық, әсіресе Президент Назарбаев ұсынған бес институционалдық реформалар тұрғысынан Жоғарғы Соттың басымдықтарының бірі болып табылады. Бұл принцип Қазақстанда соттар әлемдік стандарттарға сәйкес жұмыс істейтіндігін көрсетеді және заң үстемділігін тиімді қамтамасыз етеді. Баспасөз қызметтер жұртшылықпен тиімді диалог құрып, сот жүйесі жұмысының проблемаларын талқылауы керек».
Іс-шара ақпаратқа қол жеткізу мен БАҚ бостандығын көтермелеу саласында офис қызметінің бөлігі болып табылады.