Ақпаратқа қол жеткізу - Қазақстанда ЕҚЫҰ-ның қолдауымен өткен дөңгелек үстел тақырыбы
АСТАНА, Қазақстан, 12 маусым 2015 ж. - Бүгін Астанада ЕҚЫҰ-ның қолдауымен ақпаратқа қол жеткізу туралы ұлттық заңнаманы дамытуға арналған дөңгелек үстел өтті.
Іс-шараны Парламент Мәжілісінің бастамасымен Астанадағы ЕҚЫҰ бағдарламалар офисі ЕҚЫҰ-ның Демократиялық институттар мен адам құқықтары бюросының қолдауымен және Құқықтық саясатты зерттеу орталығы, Интерньюс-Қазақстан, «Нұр Отан» саяси партиясының құқықтық кеңесі, Орталық Азия бойынша БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі.Жоғарғы комиссары Басқармасының Өңірлік бөлімшесі, Біріккен Ұлттар Ұйымының білім беру, ғылым және мәдениет мәселелері жөніндегі ұйымы мен Сорос-Қазақстан қорының бірлесуімен ұйымдастырды.
Кездесу барысында Парламент Мәжілісінің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің парламенттік жұмыс тобы әзірлеген ақпаратқа қол жеткізу туралы заң жобасы және ідеспелі заңнама қарастырылды. Талқылауда 50-ге жуық Парламенттің қос палата мүшелері, мемлекеттік шенеуніктер, журналистер, азаматтық қоғам мен халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысты.
Ұлттық және халықаралық құқық және БАҚ сарапшылары, соның ішінде Роберт-Ян Уль, Демократиялық институттар мен адам құқықтары бюросының сарапшысы, халықаралық стандарттар мен үздік тәжірибеге негізделген заң жобасына құқықтық тұжырымдамалар мен ұсыныстар әзірледі.
«Ақпаратқа қол жеткізу туралы ұлттық заңнаманың қабылдануы ЕҚЫҰ қағидаттары мен міндеттемелеріне сәйкес, тиісті басқару, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес және мемлекеттік мекемелердің ашықтығы мен есептілігін арттыру тұрғысында Қазақстанның стратегиялық міндеттерді іске асыруына ықпал ететін болады», - деді Астанадағы ЕҚЫҰ бағдарламалар офисінің басшысы, елші Наталия Зарудна. «ЕҚЫҰ Парламент бастамасымен және азаматтық қоғам мен халықаралық ұйымдар бірлесуімен әзірленген заң жобасын талқылауды дәйекті түрде қолдады».
Парламент Мәжілісінің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің Төрағасы, парламенттік жұмыс тобының басшысы Мәулен Әшімбаев: «Ақпаратқа қол жеткізу туралы заңның қажеттілігі кеңінен танылған және мұқият түрде ұзақ уақыт бойы талқыланды. Қазір Президент Назарбаев ұсынған бес институционалдық реформалар тұрғысынан ашық үкіметті енгізуге байланысты осы заңның қабылдануы қисынды және уақтылы қадам болуына сенімдіміз», - деп атап өтті.
Іс-шара ақпаратқа қол жеткізуді және тиісті басқаруды қоса алғанда негізгі бостандықтарды ілгері жылжыту мақсатында қабылдаушы елге қолдау көрсетудегі офистің көпжылдық күш-жігерінің құрамдас бөлігі болып табылады.