ЕҚЫҰ Қазақстанда трансұлттық ұйымдастырылған қылмысқа қарсы күрес жөнінде құқық қорғау органдарының қызметкерлерін оқытуда
ӨСКЕМЕН, Қазақстан, 1 маусым 2015 ж. – Бүгін Өскеменде, Шығыс Қазақстан, ЕҚЫҰ қолдауымен трансұлттық ұйымдастырылған қылмысқа және есірткі, психотроптық заттар және олардың прекурсорларының заңсыз айналымына қарсы әрекет ету жөнінде оқыту семинары басталды.
Бес күндік іс-шараны Астанадағы ЕҚЫҰ бағдарламалар офисі, Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кіріс комитеті және Қазақстандағы Америка Құрама Штаттарының Елшілігі құқық қорғау органдарының білімін арттыру және осы трансұлттық қатерлерді шешуде олардың машықтарын жақсарту мақсатында ұйымдастырды.
Грузия, Түркия және Америка Құрама Штаттарының сарапшылары Мемлекеттік кіріс комитеті, Бас Прокуратура мен Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің шамамен 20 офицерлерін, сондай-ақ Әзірбайжан, Беларусь және Қырғызстаннан келген кеден органдарының лауазымды тұлғаларын трансұлттық ұйымдастырылған қылмыспен және есірткінің заңсыз айналымымен күресу жөніндегі үздік практикалармен таныстырады.
Сарапшылар есірткі мен олардың прекурсорларын сатудың халықаралық арналарын сәйкестендіру және түбірімен жою саласындағы халықаралық тәжірибеге, сондай-ақ бақылаудағы жеткізуді және есірткі сатушыларды анықтаудың психологиялық әдістерін пайдалануға шолу ұсынады. Интерактивті жаттығулар офицерлердің күнделікті жұмысында кездесетін шынайы жағдайларды үлгілеуге көмектеседі.
Іс-шара осы жылға жоспарланған аталмыш тақырып бойынша бес іс-шаралардың екіншісі. Бұл Астанадағы ЕҚЫҰ бағдарламалар офисі қызметінің есірткінің заңсыз айналымымен күреске ерекше көңіл бөле отырып, трансұлттық ұйымдастырылған қылмыстың алдын алу және қарсы әрекет ету мақсатында қабылдаушы елдің әлеуетін өсіру жөніндегі бөлігі болып табылады.