ЕҚЫҰ Астанадағы бағдарламалар офисі Азаптауды алдын алу жөніндегі Ұлттық тетікке қатысты семинарларды тәмамдауда
Қазақстанда азаптау мен қатыгездік әрекеттерді алдын алу жөніндегі ұлттық тетікті (ҰАТ) іске асырудың тәжірибелік аспектілері бойынша төрт оқытушы семинардың cоңғысы ЕҚЫҰ қолдауымен 20 мамыр 2015 жылы Астана қаласында өткізілді.
ҰАТ-тың 40 жуық мүшелері, соның ішінде үкіметтік емес ұйымдар өкілдері, Бас прокуратура, Ішкі істер, Білім, Денсаулық министрліктерінің өкілдері ұлттық тетіктің міндеттемелерін Қазақстандағы жүзеге асырудағы өзекті мәселелерді және азаптау мен қатыгездікті алдын алуға қатысты ұлттық заңдарды қолдануды қамтамасыз ету үшін әр деңгейде қабылданатын тиімді шаралардың ретін талқылады.
Азаптауларды алдын алу жөніндегі БҰҰ-ның қосалқы комитетінің мүшесі және жергілікті сарапшылар бастаған талқылаулар барысында халықаралық пен ұлттық құқықтық заңнама, азаптаумен күрес жүргізу жөніндегі стандарттарды талдау мен оларды жүзеге асыру мәселелері, соның ішінде қамауға алудың орындарына барып қайту мен нәтижелеріне қатысты хабарлама жасауға қажетті тетіктері туралы сөз қозғалды.
Қатысушылар полиция бөлімшелерінде, психиатриялық денсаулық сақтау мекемелерінде, наркологиялық ауруханаларда және кәмелетке толмағандарға арналған мекемелерде алдын ала болудың әдістемесі мен тиісті баяндама жасауды үйренді. Ұлттық тетіктің өңірлік топтарының іс-қимылы мен олардың ішкі істер басқармалары, прокуратура, түрмелердің әкімшіліктері, денсаулық сақтау мекемелерінің және БАҚ өкілдерімен сыртқы байланысы мен ынтымақтастығына ерекше назар аударылды. Сонымен қатар семинардың алдында болып өткен ҰАТ-тың Үйлестіру кеңесінің кеңейтілген отырысында 2014 жылы алдын ала болудың нәтижелері бойынша жинақталған баяндама ұсынылды.
Іс-шараны ЕҚЫҰ Астанадағы бағдарламалар офисі, Қазақстандағы Адам құқықтары жөніндегі Уәкіл (Омбудсмен), БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі Жоғарғы комиссарының аймақтық басқармасы және Халықаралық абақты реформасының Орталық Азиядағы өкілдігі бірлесіп өткізді. Ол ЕҚЫҰ бағдарламалар офисінің қолдауымен 2015 жылы елдің әр аймағындағы 120 жуық ҰАТ мүшелерін оқыту және әлеуетін нығайтуға бағытталған іс-шаралар топтамасын қорытындылады.
Семинарлар топтамасы қабылдаушы елде ҰАТ-ты бекіту мен БҰҰ Азаптауға қарсы конвенциясының факультативтік хаттамасын ілгері дамыту ісі аясындағы ЕҚЫҰ бағдарламалар офисінің ұзақ мерзімді күш-жігерінің құрамдас бөлігі болып табылады.