ЕҚЫҰ Қазақстанда сөз бостандығының заңнамалық реттелуін талқылауды бірлесіп ұйымдастыруда
2015 жылы 15 мамырда Астанада ЕҚЫҰ-ның қолдауымен сөз бостандығының заңнамалық қырлары бойынша халықаралық дөңгелек үстел орын алды.
Іс-шара ЕҚЫҰ-ның Астанадағы бағдарламалар офисі, «Әділ сөз» халықаралық сөз бостандығын қорғау қоры, Қазақстанның журналистер одағы және «Article 19» халықаралық үкіметтік емес ұйымымен бірлесіп, Норвегия үкіметінің қолдауымен ұйымдастырылды.
Іс-шараға 40-қа жуық Парламент мүшелері, Инвестициялар және даму министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат Комитетінің шенеуніктері, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, журналистер, БАҚ саласындағы ұлттық және халықаралық сарапшылар қатысты.
Михаэль Унланд, ЕҚЫҰ сөз бостандығы бойынша өкілі офисінің аға кеңесшісі Қазақстандағы пікір білдіру еркіндігі бойынша жағдайға шолу жасап, осы саладағы Өкіл офисінің ұсыныстарын жеткізді.
Қатысушылар бірінші кезекте, қылмыстық және әкімшілік сот төрелігінің реформаларына байланысты медиа заңнамасының даму динамикасы мен ақпаратқа қол жеткізу заң жобасын талқылап, оларға талдау жасады. Олар «жол картасының» жасалуына, оның сөз бостандығының халықаралық стандарттарға сәйкес әрі қарай дамуына бағытталған ұсыныстар тізімін дайындады.
Аталған шара Офистің бұқаралық ақпарат құралдары мен ақпаратқа қол жеткізуге ықпалдастық етудегі ұзақ мерзімді қызметінің бір бөлігі болып табылады.