ЕҚЫҰ Қазақстанда су есебін жүргізу технологияларына арналған семинарға қолдау көрсетуде
ҚЫЗЫЛОРДА, 2015 жылдың 13 мамыры – Бүгін Қазақстанның Қызылорда қаласында ЕҚЫҰ қолдауымен судың есебін жүргізіп отыратын техникалық жетілдірілген жүйелерді қолдану бойынша судың есебін жүргізетін ең жаңа құралдардың пайдаланылу әдістері таныстырылатын оқыту семинары басталды.
Екі күндік шара Халықаралық Арал құтқару қорының (ХАҚҚ) әріптестігімен ЕҚЫҰ-ның Астанадағы бағдарламалар офисінің ұйымдастыруымен өтіп отыр. Арал-Сырдария Су бассейндік кеңесінің, жергілікті әкімшіліктің, бизнес қоғамдастықтың және азаматтық қоғамның 30 өкілі қатысатын семинар жұмысының барысында су ресурстарын басқаруда қолданылатын озық тәжірибе мен әдістемелер талқыланатын болады.
Семинар қатысушылардың су ресурстарын басқарудағы, атап айтқанда суландыру жүйелеріндегі суды есепке алудың ең тиімді әдістері, су ресурстарын басқару үрдісінің автоматтандырылуы және судың есебін жүргізу әдістері жайлы білімін арттырып, дағдыларын шыңдауға бағытталған. Шараның екінші күнінде қатысушылар Қызылорда және Байқадам су нысандарына барып, пайдаланыстағы су өлшеу жабдықтары мен жүйелерін тамашалайтын болады.
«Қазақстан мен ЕҚЫҰ су қорларын басқаруда көздеген басым мақсаттарын ескере отырып, алдыңғы қатарлы міндеттердің бірі болып қолда бар су қорларын тиімді пайдалануға қолдау көрсету табылады, себебі Орталық Азиядағы сумен қамтамасыз етумен байланысты ахуал жуық арада жақсаруы екіталай», - деп өз сөзінде ЕҚЫҰ-ның Астанадағы бағдарламалар офисінің басшысы, елші Наталия Зарудна атап өтті. «Су қорларын кірістірлген басқару, әсіресе суды пайдалануды есепке алу және бақылау, су қорларына тең құқылы қол жеткізу өзара сенімді арттырып, сумен байланысты, соның ішінде жергілікті қоғамдастықтар арасындағы даулардың ушығуын болдырмауда басты маңызға ие».
ҚР Ауылшаруашылық министрлігінің Су ресурстары жөніндегі комитетінің Қазақстанның Су ресурстарын басқару жөніндегі мемлекеттік бағдарламасының гидромелиорация және даму басқармасының басшысы Ердос Құлжанбеков былай дедi: «Қазақстанның Су ресурстарын басқару жөніндегі мемлекеттік бағдарлама шеңберінде су шаруашылығы жүйелерін су ресурстарын есепке алу және пайдалану бойынша заманауи құралдармен 80%-ға дейін қамтудың жеке шаралары қарастырылған. Бұл шара су ресурстарын тиімді басқару арқылы елдің су қауіпсіздігін қамтамасыз ететін 2020 жылға дейінгі Мемлекеттік бағдарламаның мақсатты индикаторларына қол жеткізудің негізгі шарты болып табылады».
Аталмыш семинар Офистің су ресурстарын бірігіп басқаруды жолға қою, қабылдаушы тараптың жасыл өсімді және орнықты даму қағидаттарын енгізу, сондай-ақ өңірдегі сумен қамту инфрақұрылымын жандандыру арқылы Арал теңізінің қазақстандық бөлігін жаңғырту жолындағы ұзақ мерзімді жұмыстарының бір бөлшегі болып табылады.