ЕҚЫҰ Астанадағы бағдарламалар офисі Азаптауды алдын алу жөніндегі Ұлттық тетікке қатысты семинарларды бастауда
Қазақстанда азаптау мен қатыгездік әрекеттерді алдын алу жөніндегі ұлттық тетікті (ҰАТ) іске асырудың тәжірибелік аспектілері бойынша төрт оқытушы семинардың біріншісі ЕҚЫҰ қолдауымен 12 мамыр 2015 жылы Атырау қаласында өз жұмысын бастады.
ҰАТ-тың 30 жуық мүшелері, соның ішінде үкіметтік емес ұйымдар өкілдері, ішкі істер органдары, Бас прокуратура, Білім министрлігі, Денсаулық министрлігінің аймақтық басқармаларының өкілдері, ұлттық тетіктің міндеттемелерін Қазақстандағы жүзеге асырудағы өзекті мәселелерді және азаптау мен қатыгездікті алдын алуға қатысты ұлттық заңдарды қолдануды қамтамасыз ету үшін әр деңгейде қабылданатын тиімді шаралардың ретін талқылайды.
Азаптауларды алдын алу жөніндегі БҰҰ-ның қосалқы комитетінің мүшесі және жергілікті сарапшылар бастаған талқылаулар барысында халықаралық пен ұлттық құқықтық заңнама, азаптаумен күрес жүргізу жөніндегі стандарттарды талдау мен оларды жүзеге асыру мәселелері, соның ішінде қамауға алудың орындарына барып қайту мен нәтижелеріне қатысты хабарлама жасауға қажетті тетіктері туралы сөз қозғалады.
Қатысушылар полиция бөлімшелерінде, психиатриялық денсаулық сақтау мекемелерінде, наркологиялық ауруханаларда және кәмелетке толмағандарға арналған мекемелерде алдын ала болудың әдістемесі мен тиісті баяндама жасауды үйренеді. Ұлттық тетіктің өңірлік топтарының іс-қимылы мен олардың ішкі істер басқармалары, прокуратура, түрмелердің әкімшіліктері, денсаулық сақтау мекемелерінің және БАҚ өкілдерімен сыртқы байланысы мен ынтымақтастығына ерекше назар аударылады.
Елдің әр аймағындағы ҰАТ мүшелерін оқыту және әлеуетін нығайтуға бағытталған екікүндік іс-шараны ЕҚЫҰ Астанадағы бағдарламалар офисі, Қазақстандағы Адам құқықтары жөніндегі Уәкіл (Омбудсмен), БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі Жоғарғы комиссарының аймақтық басқармасы және Халықаралық абақты реформасының Орталық Азиядағы өкілдігі бірлесіп өткізуде. Ол Өскемен (Шығыс Қазақстан), Алматы (Оңтүстік Қазақстан) және Астана қалаларында өткізілетін үш оқыту семинарларымен жалғасады.
Семинарлар топтамасы қабылдаушы елде ҰАТ-ты бекіту мен БҰҰ Азаптауға қарсы конвенциясының факультативтік хаттамасын ілгері дамыту ісі аясындағы ЕҚЫҰ бағдарламалар офисінің ұзақ мерзімді күш-жігерінің құрамдас бөлігі болып табылады.