ЕҚЫҰ бағдарламалар офисі Арал теңізі өңірінде тұрақты балық шаруашылығына қолдау көрсетуде
ҚЫЗЫЛОРДА, 28 сәуір 2015 ж. – Бүгін Қызылорда қаласында ЕҚЫҰ қолдауымен Арал теңізі өңірінде тұрақты балық шаруашылығын енгізу мәселесіне арналған оқыту семинары өз жұмысын бастады.
Екі күндік шара Халықаралық Аралды құтқару қорының атқарушы дирекциясымен, облыс әкімшілігіен және Қазақ балық шаруашылығының ғылыми-зерттеу институтымен бірлесе отырып, ЕҚЫҰ Астанадағы бағдарламалар Офисімен ұйымдастырылды.
Семинар жұмысына балық шаруашылығының, орталық және жергілікті биліктің, ғылыми-зерттеу институттарының, Өзбекстан және Біріккен Ұлттар Ұйымының азық-түлік пен ауыл шаруашылығы ұйымының халықаралық сарапшылар, академиялық ортаның және үкіметтік емес ұйымдардың 30-ға жуық өкілі қатысты. Семинар жасыл экономика мен тұрақты даму контекстінде өңірдегі балық шаруашылығы мен аквамәдениеттің даму келешегі мен қазіргі экологиялық ахуал жөнінде диалог орнатылатын алаңға айналды. Семинар Қызылорда қаласында орналасқан «Сүйіндік» тоған балық шаруашылығындағы практикалық жаттығулармен толықтырылған.
«Өсудің «жасыл» қағидаттарына негізделген балық шаруашылығының тұрақты түрде дамуы су ресурстарын тиімді басқарудың басты факторы болып табылады. Осыған байланысты, жемісті халықаралық тәжірибе мен үздік практикалар билік және бизнес қоғамдастығы арасындағы сындарлы диалог пен барлық мүдделі тараптардың келісілген өзара әрекетін қамтамасыз етуге және аква-мәдениет модельдерін Арал өңірінде ендіруге көмектеседі», – деп бөлісті ЕҚЫҰ Астанадағы бағдарламалар офисінің басшысы, елші Наталия Зарудная.
Қызылорда облысының табиғат ресурстарын басқару және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Еркебұлан Бекжанов: «Бәріміз білетіндей, 90-шы жылдары Арал теңізінің тартылуына байланысты балық аулау өнеркәсібі тоқтатылды. 15-20 жыл бұрын бұл аймақ республикада балық шаруашылығы дамуы бойынша алдыңғы қатарда болды. Сондықтан, бүгінгі семинар тақырыбы, Сырдария өзенінің төменгі ағысында орналасқан біздің аймақ үшін өте маңызды болып табылады, себебі облыс балық аулау саласы бойынша үлкен әлеуетке ие», - деп атап өтті
Семинар Офистің тиімді су пайдалануды, жасыл экономиканы ілгері дамыту, сондай-ақ Арал теңізінің солтүстік бөлігіндегі сезімтал экожүйелерді қорғау жолындағы тұрақты жұмыстарының бір бөлшегі болып табылады. Аталмыш семинар ЕҚЫҰ мен ХАҚҚ Қазақстандағы атқарушы дирекциясымен бірлестікте, өзара түсіністік туралы тиісті меморандум негізінде жүзеге асырып отырған осы іспеттес шаралардың жалғасы болып табылады .