ЕҚЫҰ Қазақстанда адам саудасы құрбандары үшін әлеуметтік стандарттар жөніндегі жұмыс тобының отырысын қолдауда
ЕҚЫҰ Астанадағы бағдарламалар офисі 2015 жылы 24 сәуірде Алматы қ. өткен адам саудасы құрбандары үшін әлеуметтік қызметтер стандарттарын дамыту мақсатымен құрылған ведомствоаралық жұмыс тобының қорытынды отырысын қолдады.
Ішкі істер, денсаулық сақтау және әлеуметтік дамыту, білім және ғылым министрліктерінің атынан өкіл болған жұмыс тобының шамамен 20 мүшесі, сондай-ақ елдің халықаралық және үкіметтік емес ұйымдары қолданыстағы ұлттық заңнамаға сәйкес адам саудасы құрбандарына әлеуметтік қызметтер көрсетуге арналған әлеуметтік стандарттар туралы құжаттың жобасын талқылады. Жоба құрбандарға әлеуметтік қызметтер көрсететін, соның ішінде уақытша баспана беретін мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдардың өкілеттігі және олардың шарттары мен рәсімдеріне талаптарды айқындайды.
Топтың назарында адам саудасы құрбандарына арнайы әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйымдардың міндеттері мен функциялары, қызметтерге қолжетімділік талаптары, құрбандарды сәйкестендіру түрлері, құрбандарға қызмет көрсетудің ең аз стандарты, сондай-ақ қылмыстық іс қозғауға келісім берген құрбандарға көрсетілетін әлеуметтік қызметтер стандарты болды.
Жұмыс тобы әзірлеген жоба бюджеттік жоспармен бірге, осы жылдың мамыр айының басында Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің қорытынды бекітуіне ұсынылады.
Бұл отырыс Офистің қабылдаушы елге және азаматтық қоғамға адам саудасымен күресте және оны алдын алуда көмек көрсету және қатал ұстау құрбандарына әлеуметтік қызметтер көрсету жөніндегі көп жылғы қызметінің шеңберінде өткізілді.