ЕҚЫҰ Қазақстанда қылмыстық жолмен алынған табысты жылыстатуға және терроризмді қаржыландыруға қарсы әрекет қолдану бойынша нұсқаулықтың дайындалуына қолдау көрсетті
Астана, 8 сәуір 2015 ж. – Бүгін Астана қаласында ЕҚЫҰ сарапшылары мен ҚР Қаржы министрлігінің Қаржы мониторингі комитеті бірлесіп әзірлеген қылмыстық жолмен алынған табысты заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы әрекет қолдану жөніндегі нұсқаулық көпшілік назарына ұсынылды.
Халықаралық стандарттарға сәйкес қылмыстық жолмен алынған табысты жылыстатумен және терроризмді қаржыландырумен күресудегі тәуекелге баға беру тәсімінің қолданылуын талқылауға парламенттің, ұлттық банк пен екінші деңгейлі банктердің, қаржы министрлігінің, ұлттық экономика министрлігінің, сондай-ақ кәсіби қауымдастықтардың 60 жуық өкілі қатысты.
«Мұндай нұсқаулық Орталық Азияда халықаралық және ұлттық сарапшылардың күшімен алғаш рет әзірленіп отыр», - деді елші, ЕҚЫҰ Астанадағы бағдарламалар офисінің басшысы Наталия Зарудная. «Біз бірлескен жұмыстар мен ұжымдық шығармашылықтың арқасында осындай күрделі әрі кешенді міндеттің табысты орындалғанына қуаныштымыз. Бұл нұсқаулық қаржылық қылмыстардың жолын кесу және олармен күресу мақсатында әрекетті құрал болады деп үміттенеміз».
Үнемі қаржылық мониторингтеу жүргізілуге жататын банк пен қаржылық емес секторлар үшін әлеует құруға бағытталған көп жылдық қызметтің жалғасы саналатын нұсқаулық ЕҚЫҰ Астанадағы Бағдарламалар офисінің қолдауымен дайындалды. Нұсқаулық ақшаның жылыстатылуымен күресу бойынша қаржылық шараларды (ФАТФ) әзірлеу тобының талаптары мен халықаралық нормалардың ескерілуімен ЕҚЫҰ қатысушы мемлекеттердің озық тәжірибесіне негізделген.
Қаржы мониторингі комитетінің төрағасы Бисенғали Тәжияқов: «Бүгін ФАТФ халықаралық стандарттарының талаптары жаңа ережелер орнатуда, жекелеген қызмет түрлерінде іскерлік қарым-қатынастарды орнату және клиенттерді тиісінше тексеру кезінде, қадағалау органдары тексерулер жүргізу кезінде тәуекелге бағдар алған тәсімдерді қолдану өзекті бола түсуде». Осымен қатар ол нұсқалықтың көптеген мамандардың жаңа халықаралық стандарттарды меңгеруіне септігін тигізеді деген ойда.
Аталмыш шара ЕҚЫҰ Астанадағы бағдарламалар офисінің ақшаны жылыстатуға және терроризмді қаржыландыруға қарсы әрекет саласындағы бастамаларға баса ден қойылуымен Қазақстанда трансұлттық ұйымдасқан қылмыстың жолын кесуге көмектесу жолындағы көп жылдық қызметінің аясында өткізілді.