Астанадағы ЕҚЫҰ бағдарламалар офисі Бельгияның пробация туралы заңнама саласындағы тәжірибесін зерттеу мақсатында сапар ұйымдастырды
Астанадағы ЕҚЫҰ бағдарламалар офисі және Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитеті Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі мен Қазақстандағы Бельгия Елшілігінің қолдауымен 2015 жылғы 1-4 сәуір аралығында қазақстандық делегацияның Бельгияға танысу сапарын ұйымдастырды.
Сапар барысында парламент депутаттары мен Бас прокуратура және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің жоғары лауазымды тұлғалары халықаралық стандарттарға сәйкес пробацияны қолдану бойынша бельгиялық тәжірибені зерттеді.
Бельгияның Бас пенитенциарлы жүйе басқармасының, Әділет министрлігі Бас басқармасының және Қоғамға пайдалы жұмыстарды ұйымдастыру жөніндегі Брюссельдің пробациялық комиссиясының және Ұлттық электронды мониторинг орталығының өкілдері пробация қызметінің құрылымы, оны басқару және құқықтық базасы туралы, оның электронды мониторинг жүйесін техникалық енгізу туралы, сондай-ақ пробациялық бақылауды жақсартумен және бас бостандығынан айырудан басқа жазалау шараларын жетілдіруге байланысты қызметтері туралы айтып берді.
Қылмыстардың алдын алу және қайталанатын қылмыс тәуекелін қысқарту жөніндегі пробация қызметінің рөлі мен әдістеріне ерекше көңіл аударылды. Бұл қамаудағылардың және бұрын қамауда болғандарды әлеуметтендіру және қоғамға қайта оралту мақсатында психологиялық қолдауды қамтиды.
Делегация Ұлттық Парламенттің Әділет комитетінің мүшелерімен екіжақты, соның ішінде ЕҚЫҰ Парламенттік ассамблеясының шеңберіндегі ынтымақтастықтың ықтимал бағыттарын талқылады. Сондай-ақ қазақстандық шенеуніктер Итр қаласына мониторингтік сапарға қатысты, онда олар қылмыскерлерді еңбек және оқу қызметіне тарту бағдарламаларының практикалық аспектілерімен танысты. Сапардың соңғы күні делегация «Defence for Children International» үкіметтік емес ұйымының бөлімшесіне барып шықты, онда оларға кәмелетке толмағандарға қатысты заңнама, медиация қызметі және кәмелетке толмаған қылмыскерлерге арналған қоғамдық-пайдалы жұмыстар мәселелерін талқылау мүмкіндігі берілді.
Сапар Астанадағы ЕҚЫҰ бағдарламалар офисінің қабылдаушы елдің үкіметіне және азаматтық қоғамға қылмыстық сот әділдігі мен пенитенциарлы жүйені реформалауда көмек көрсету жөніндегі көп жылғы қызметінің шеңберінде ұйымдастырылды.